< Құқықтық актілер туралы

Ст. 34 Құқықтық актілер туралы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Құқықтық актілер туралы
34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау

1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда айқындалады. 

2. Алуан түрлi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi мыналарда да: 

1) кодекстер үшін – осы Заңда. 

Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында рет-ретімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады; 

1-1) кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар тиісті кодекстерде белгіленген ерекше тәртіптермен енгізілуі және қабылдануы мүмкін; 

2) шоғырландырылған заңдар және заңдар үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, оның iшiнде Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерiнде; 

2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулысы үшін – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заңнамалық актіде, өзге де заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде; 

3) Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заңнамалық актiлерде; 

4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заңнамалық актiде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiнде; 

5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы заңнамалық актiде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде; 

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, сондай-ақ кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Үкіметі және осындай органдар туралы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай органдардың қызметін реттейтін қаулыларында; 

6-1) техникалық регламенттер үшін – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында; 

7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтiк қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы заңнамалық актiде; 

8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының соттары туралы заңнамада; 

9) Орталық сайлау комиссиясының (Орталық референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн – сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде; 

10) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың және тексеру комиссияларының нормативтiк шешiмдерi үшiн – осы органдар туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде айқындалады. 

Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді. 

Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабар беру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі. 

Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі. 

3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi. 

Бұл ретте жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік органдар туралы ережелерде айқындайды. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлеушілері болып табылатын жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілерден туындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 

Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

Статья 1 ...33‑4 33‑5 34 35 35‑1 ...67
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться