< Жайылымдар туралы

Ст. 10 Жайылымдар туралы 2017 жылғы 20 ақпандағы № 47-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Жайылымдар туралы
10-бап. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарауына жатқызылған мәселелер

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдары: 

1) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органымен және аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеуге қатысады; 

ЗҚАИ ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 27.02.2024 № 65-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдайды және талқылайды; 

3) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде орналасқан жайылымдарды қайта бөлу мәселесін қарау кезінде қатысады; 

4) Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыруға қатысады; 

5) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдеріне жайылымдарды беру және пайдалану мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді; 

6) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ аумақтарының шегінде жайылымдарды басқару және пайдалану мәселелері бойынша жайылым пайдаланушылармен, жайылым пайдаланушылар бірлестіктерімен (жай серіктестіктермен, консорциумдармен) өзара іс-қимыл жасайды.
Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...18
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться