< Ақша төлемi мен аударымы туралы

Ст. 20 Ақша төлемi мен аударымы туралы 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237


Утратил силу

Ақша төлемi мен аударымы туралы
20-бап. Сот актiсiн және сот орындаушысының қаулысын орындау ерекшелiктерi

 1. Қазақстан Республикасы сотының ақша өндiрiп алу туралы сот актiсi, сондай-ақ сот орындаушысының жеке тұлғаның, заңды тұлғаның банк шоттарының, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаның ағымдағы шоттарының бар екендiгi және олардың нөмiрлерi жөнiндегi ақпаратты сұратып алу туралы және борышкердiң банктегi ақшасына тыйым салуды қолдану туралы сот санкция берген қаулысы не оның атқарушылық iс жүргiзу органының аумақтық бөлiмiнiң мөрiмен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған көшiрмесi, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, барлық банктерге ұсынылады.

2. Банктер аталған құжаттарды алған күннен кейiнгi операциялық екi күннен кешiктiрмей сотқа (сот орындаушысына) қажеттi мәлiметтердi жiберуге мiндеттi. Мәлiметтер ақша өндiрiп алу  жүргiзiлетiн тұлғалардың банк шоттарының бар екенi туралы не олардың жоқ екенi туралы деректердi қамтуға тиiс; банк шоттары бар болған кезде банк шоттарының барлық қажеттi реквизиттерi және осы банк шоттарында жатқан қалдықтардың мөлшерi көрсетiлуге тиiс. Сот орындаушысына жiберiлетiн мәлiметтерде тыйым салу қолданылған ақша сомасы да көрсетiлуге тиiс.

3. Сот (сот орындаушысы) банктерден аталған мәлiметтердi алғаннан кейiн ақша өндiрiп алу туралы сот актiсiн орындау жөнiндегi мiндет жүктелетiн банктi (банктердi) анықтайды және сондай банкке (банктерге) тиiстi атқару құжатын не оның сот мөрiмен расталған көшiрмесiн қоса тiркей отырып нұсқау жiбередi.

4. Егер сотта (сот орындаушысында) ақша өндiрiп алынуға тиiс тұлғаның банк шотында ақшаның бар екенi туралы мәлiмет бар болса, онда сот орындаушысының тиiстi атқару құжаты қоса тiркелген нұсқауы тiкелей тиiстi банкке орындау үшiн ұсынылады.

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi банктердiң тұрған жерi және олардың бiрiншi басшыларының деректерi көрсетiлген банктердiң тiзiмiн тоқсан сайын атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның назарына жеткiзедi. Атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнен алған тiзiмдi жергiлiктi соттар мен сот орындаушыларының назарына жеткiзедi.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.06.22 N 147, өзгерту енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
2-тарау. Төлем
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...41
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться