< Почта туралы

Ст. 23 Почта туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 498-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Почта туралы
23-бап. Ұлттық пошта операторы

1. Ұлттық пошта операторының мынадай міндеттемелері болады: 

1) уәкiлеттi орган бекіткен пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштеріне сәйкес пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынады; 

1-1) ауылдық елді мекендерде осы Заңның 23-1-бабында көзделген қызметтерді көрсетеді; 

2) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнаулы пошта байланысы қызметтерін көрсетеді; 

3) Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне пошта индекстерін беруді жүзеге асырады; 

4) осы Заңның 32-бабында белгіленген тәртіппен пошта жәшiктерiн орналастырады; 

5) арнаулы пошта байланысының қызметкерлерін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен нысанды киiммен, сондай-ақ өз жұмыскерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етеді; 

6) Қазақстан Республикасының пошта төлемiнің мемлекеттiк белгiлерiн шығаруды және өткізуді ұйымдастырады; 

7) электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесін құрады және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. 

2. Ұлттық пошта операторы: 

1) осы Заңның 9-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 7) және 9) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген қызметтерді көрсетуге; 

2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен брокерлік, дилерлік және трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға; 

2-1) жасалған шарт негізінде бюджеттен көрсетілген қызметтер үшін сыйақы алу құқығымен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен кірістер тізбесі бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін жеке тұлғалар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінен қолма-қол және қолма-қол емес ақша қабылдағаны үшін төлемақы алмай қызметтер көрсетуге; 

3) банк операцияларының мынадай жекелеген түрлерін лицензиясыз: 

заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдауды, олардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді; 

банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашуды және жүргізуді; 

кассалық операцияларды: қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта есептеуді, сұрыптауды, буып-түюді және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауды және беруді; 

аударым операцияларын: жеке және заңды тұлғалардың төлемдері мен ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындауды; 

банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды, оның ішінде бағалы металдарды, асыл тастарды және олардан жасалған бұйымдарды инкассациялауды; 

қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоса алғанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын; 

терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағында көзделген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізу мақсатында банктік шотын ашуды және жүргізуді жүзеге асыруға; 

4) төлем карточкаларын шығаруды, өткізуді және таратуды жүзеге асыруға құқылы. 

3. Ұлттық пошта операторының жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, олардың банктік шоттарын ашу және жүргізу жөніндегі қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган, оның ішінде жекелеген пруденциялық нормативтерді белгілеу және лицензиялар беру арқылы реттейді. 

Ұлттық пошта операторының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

Ұлттық пошта операторы жедел депозиттерге тартатын халық салымдарының сақталуы оларды мемлекеттiк бағалы қағаздарға және өзге де өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру арқылы қамтамасыз етіледі. 

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының қаржы қызметін жүзеге асыруы және қаржылық қызметтер ұсынуы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. 

Уәкілетті орган Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. 

4. Ұлттық пошта операторы өзіне мемлекет жүктеген міндеттемелерді іске асыру мақсатында мәліметтер сұратады және алады не "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне кіру рұқсатын алады. 

5. Ұлттық пошта операторы орналасқан жерінің мекенжайы бар және "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесіне енгізілген әрбір жылжымайтын мүлік объектісіне пошта индексін береді. Қазақстан Республикасының аумағында пошта индекстерінің бірыңғай базасын жүргізуді Ұлттық пошта операторы Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырады. 

6. Ұлттық пошта операторының басқа пошта операторларымен өзара іс-қимылы шарттық негізде жүзеге асырылады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...21 22 23 23‑1 24 ...46
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться