< Тұтыну кооперативi туралы

Ст. 39 Тұтыну кооперативi туралы 2001 жылғы 8 мамырдағы N 197


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Тұтыну кооперативi туралы
39-бап. Тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу

1. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын тұтыну кооперативiн мемлекеттiк тiркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Тұтыну кооперативтерi қосылған жағдайда мемлекеттік тіркеуді жаңадан пайда болатын тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi.

Тұтыну кооперативтерi бiрiккен жағдайда мемлекеттiк тiркеудi бiрiктiрушi тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi.

Тұтыну кооперативтерi бөлiнген, бөлiп шығарылған жағдайда мемлекеттiк тiркеудi қайта ұйымдастырылушы тұтыну кооперативi орналасқан жердегi тiркеушi орган жүргiзедi. Бұл тiркеушi орган жаңа тұтыну кооперативтерiн мемлекеттiк тiркеу мәлiметтерi туралы жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi орналасқан жердегi заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарлайды.

3. Қайта ұйымдастыру нәтижесiнде пайда болатын тұтыну кооперативiн мемлекеттiк тiркеудi заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган кредиторларға тұтыну кооперативтерiн қайта ұйымдастыруды талап етiп арыз беру үшiн берiлген мерзiм өткен соң жүзеге асырады.

4. Егер бiр жыл iшiнде, тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыруға қатысушылардың соңғысының жалпы жиналысында қайта ұйымдастыру туралы шешiм қабылданған күннен бастап, мемлекеттiк тiркеу туралы арыз берiлмеген болса не қажеттi дәлелдемелер табыс етiлмесе (осы баптың 3-тармағы), қайта ұйымдастыру жасалмаған болып есептеледi.

5. Қосылу және бөлiніп шығу нысанындағы қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, қайта ұйымдастыруға қатысатын тұтыну кооперативтерi жаңадан пайда болған тұтыну кооперативтерi мемлекеттiк тiркелген кезден бастап өз қызметін тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады. Қосылатын тұтыну кооперативi оның басқа тұтыну кооперативiне қосылуы тiркелген кезден бастап өз қызметiн тоқтатады және Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алып тасталады.

 Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Статья 1 ...37 38 39 40
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться