< Кәсiптiк одақтар туралы

Ст. 13 Кәсiптiк одақтар туралы 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Кәсiптiк одақтар туралы
13-бап. Салалық кәсіподақ

1. Салалық кәсіподақ салалық деңгейдегі әлеуметтік әріптестікте қызметкерлердің, мүшелік ұйымдардың өкілетті өкілі болып табылады. 

2. Салалық кәсіподақ сала және онымен сабақтас салалар қызметкерлері немесе сала және онымен сабақтас салалар ұйымдары жалпы санының кемінде жартысын біріктіруге немесе оның облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi, мүшелік ұйымдары болуға тиіс. 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана аумағының жартысынан астамында құрылымдық бөлімшелері, мүшелік ұйымдары болған кезде салалық кәсіподақ құруға құқылы. 

3. Салалық кәсіподақ республикалық кәсіподақтар бірлестігінің құрамына мүшелік ұйым ретінде кіреді. 

4. Салалық кәсіподақтың негізгі функциялары: 

1) өз мүшелерінің, мүшелік ұйымдарының еңбек және әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін білдіру, қорғау; 

2) салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік жүйесін дамытуға жәрдемдесу; 

3) салалық жұмыс берушілер ұйымдарының өкілетті өкілдерімен және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарымен салалық келісім жасасу кезінде әлеуметтік әріптестік тарапы болып әрекет ету, келісім жобасын дайындау және оны жасасу жөніндегі келіссөздерге қатысу; 

4) әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссияның жұмысына қатысу; 

5) жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру. 

5. Салалық кәсіподақтың филиалдары мен өкілдіктері салалық кәсіподақтың атынан және оның өкілеттіктері шегінде қызметкерлердiң өңiрлiк деңгейде келіссөздер жүргізу жөніндегі өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...34
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться