< Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы

Ст. 19-6 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
19-6-бап. Медициналық-әлеуметтік есепке алу

1. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары жүргізілетін адамдарға медициналық, психологиялық, әлеуметтік көмек көрсету, оларды бейімдеу және оңалту мақсатында жүзеге асырылады. 

2. Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. 

Ішкі істер органдарының есепке алу туралы хабарламасы медициналық-әлеуметтік есепке қоюға негіз болып табылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Медициналық-әлеуметтік есепке алу адам өмірлік қиын жағдайдан шыққанға дейін, бірақ кемінде жеке профилактика шараларын жүргізу кезеңіне жүзеге асырылады. 

Ескерту. 3-тарау 19-6-баппен толықтырылды - ҚР 01.04.2019 № 240-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi  

Егер осы Заңның 19-бабында көзделген мән-жайлар мынадай құжаттарда: 

1) соттың үкiмiнде, ұйғарымында немесе қаулысында; 

2) кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның, прокурордың, тергеушінің, анықтау органының қаулысында; 

3) шағымдарды, өтiнiштердi немесе басқа да хабарларды тексерудiң нәтижелерi бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесi органының немесе мекемесiнiң басшысы бекiткен қорытындыда; 

4) кәмелетке толмағанның не оның ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың құзыретiне қатысты мәселелер бойынша оларға көмек көрсету туралы өтiнiштерiнде ресми көрсетiлген болса, олар кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шараларын жүргiзудiң негiздерi болып табылады.  

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV Заңымен.
21-бап. Жеке профилактикасы шараларын жүргiзу мерзiмдерi  

Кәмелетке толмағандарға олардың ата-аналарына немесе заңды өкiлдерiне, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тартып жүрген өзге де адамдарға қатысты жеке профилактикасы шаралары кәмелетке толмағандарға әлеуметтiк және өзге де көмек көрсету үшiн қажеттi мерзiмде немесе кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуына, құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекет жасауына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жойғанға дейiн немесе олар он сегiз жасқа толғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да мән-жайлар туындағанға дейiн жүргізiледi.  

Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV Заңымен.
22-бап. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын адамдардың құқықтары  

1. Өздеріне қатысты жеке профилактика шаралары қолданылатын кәмелетке толмағандар, олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде кепілдік берілген құқықтармен және бостандықтармен қамтамасыз етіледі. 

2. Арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында және Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталушы кәмелетке толмағандардың осы баптың 1-тармағында аталған құқықтармен қатар, белгіленген тәртіппен: 

1) өздерінің арнаулы мекемелер мен ұйымдарға орналастырылғандары туралы ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне хабарлауға; 

2) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалу профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелерінің жұмыскерлері қабылдаған шешімдерге көрсетілген жүйенің жоғары тұрған органдарына, сондай-ақ прокуратура органдарына, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 

3) өзінің құқықтары мен міндеттері, ұстау режимі мен тәртіптік талаптар туралы ақпарат алуға; 

4) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ олардың орналасқан жеріне, тұрғылықты жеріне не тұрмыстық орналасатын жеріне бара жатқандағы жеке қауіпсіздігіне; 

5) ізгілікті, адамның ар-намысын кемсітпейтін қарым-қатынас жасалуына; 

6) саны шектелмеген телефонмен сөйлесулер және кездесулер арқылы отбасымен байланыс жасап тұруға, саны шектелмеген жөнелтімдер, бандеролдар, сәлемдемелер алуға және хаттар мен жеделхаттар алуға және жіберуге; 

7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша тегін тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және басқа да заттай ризықпен қамтамасыз етілуге; 

8) ата-анасымен не олардың орнындағы адамдармен, туысқандарымен және өзге де адамдармен кездесуге; 

9) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға, ал үштен жеті жасқа дейінгі балалардың күндізгі уақытта қосымша екі сағат ұйықтауға; 

10) ұзақтығы кемінде екі сағат күнделікті серуендеуге; 

11) арнаулы білім беру ұйымдарында және ерекше ұстау режиміндегі білім беру ұйымдарында болу кезеңінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуға; 

12) арнаулы мекемелерде белгіленген ішкі тәртіп қағидаларының және ұстау режимінің сақталуы шартымен діни жоралар жасауға; 

13) арнаулы мекемелер мен ұйымдарда бар әдебиеттер мен мерзімді баспасөз басылымдарын пайдалануға; 

14) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысуға; 

15) өндірістік практика кезеңінде атқарған жұмысы үшін ақшалай сыйақы алуға; 

16) қажетті психологиялық көмек алуға құқығы бар. 

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 375-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.07.2014 № 236-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...19‑4 19‑5 19‑6 20 21 ...36
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться