< Сауда қызметiн реттеу туралы

Ст. 31 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сауда қызметiн реттеу туралы
31-бап. Ішкі сауда субъектілеріне қойылатын талаптар

Ескерту. 31-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 02.04.2019 № 241-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Ішкі сауда субъектiлерi өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде: 

1) тиiсiнше сапалы, қауiпсiздiк талаптарына сай келетiн тауарларды сатуға; 

1-1) отандық өндіріс тауарларын көрнекі және физикалық қолжетімді жерлерде орналастыруға; 

2) тауарларды тиісінше жария оферта, шарттар немесе өзге де мәмiлелер талаптарына сәйкес белгiленген өлшемдер бойынша сатуға; 

2-1) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және (немесе) заңнамасына сәйкес таңбалау туралы шешім қабылданған, таңбаланған тауарларды сатуға; 

2-2) бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарларды ішкі сауда қағидаларында айқындалатын тәртіппен есепке алуды жүргізуге міндетті. 

Ішкі сауда субъектісі бұрын пайдалануда болған, қабылданған және өткізілген азық-түлік емес тауарлар туралы ақпараттың күнтізбелік бір жыл ішінде сақталуын қамтамасыз етеді; 

3) сатып алушыға тауардың сапасы мен шығарылған жерi, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелерi және талаптар қою тәртiбi, өнiмдi пайдалану, оны сақтау тәсiлдерi мен ережелерi туралы, ал талап-арызды және сотқа ұсынылатын, оған қоса берілетін құжаттар ресiмделген жағдайда, сол сияқты сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) орналасқан жерi мен өзге де реквизиттері туралы қажеттi және дұрыс ақпарат беруге; 

4) сауда объектiсiнiң жалпы жұртқа қолжетімді жерiнде өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарына сәйкес тексерiлген бақылау-өлшеу аспаптарын орналастыруға; 

5) сатып алушыда тауарлардың массасы мен ұзындығына қатысты күмән туындаған жағдайларда, оған бақылау-өлшеу құралдарының көмегiмен аталған сипаттамаларды өз бетінше тексеру мүмкiндiгiн беруге; 

6) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен сәйкестiгі міндетті расталуға жататын тауарларды сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестік сертификатын (белгіленген үлгідегі бланкілердегі көшірмесін) не сәйкестік туралы декларацияны көрсетуге; 

6-1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын тауарларды көтерме саудада сату кезiнде сатып алушының талабы бойынша оған сәйкестiк сертификатын не сәйкестiк сертификаты көшірмесінің берілген күнін көрсете отырып, тауарларды беруші болып табылатын заңды тұлға басшысының немесе құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген адамның немесе дара кәсіпкердің мөрімен және қолымен расталған сәйкестiк сертификатының көшірмесін не сәйкестiк туралы декларацияны көрсетуге; 

7) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiп пен жағдайларда фискалды жады бар бақылау-кассалық машиналарды қолдануға; 

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Заңның 32-бабында белгіленген қауіпсіздік талаптары мен нормаларға сай келмейтін тауарды айналымнан алып қоюға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдарды және тұтынушыны оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға ықтимал қауіп туралы уақтылы хабардар етуге, оның ішінде сатылған тауардың құны мен тұтынушыға келтірілген залалдары (нұқсанды) өтей отырып, оны тұтынушыдан қабылдап алуға; 

9) мемлекеттiк органдардың белгiленген тәртiппен шығарылған ұйғарымдарын орындауға; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндеттi. 

2. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартудан не көрінеу кемсітушілік сипаты бар және: 

1) ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен, сондай-ақ басқа ішкі сауда субъектілерімен осындай немесе өзге талаптарда тауарлар беру шарттарын жасасуына тыйым салу туралы талаптар; 

2) тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің осындай қызметті жүзеге асыратын басқа ішкі сауда субъектілерімен жасалатын шарттар туралы мәліметтер ұсынуы туралы талап қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне кіруін шектеуіне тыйым салынады. 

3. Ішкі сауда субъектілерінің осы Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жол берілетін шекті бөлшек сауда бағасының мөлшерін бұзуына тыйым салынады. 

4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарын бұзған кезде ішкі сауда субъектілері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. 

5. Егер сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында мұндай тауарларды сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісіне бергеннен кейін белгілі бір уақыттан соң оларға ақы төлеу талабымен тауарлар беру шарты жасалған жағдайда, осы шартта белгілеу үшін мұндай тауарларға ақы төлеу мерзімі мынадай қағидалар бойынша айқындалады: 

1) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі күнтізбелік он күннен аз жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс; 

2) сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, күнтізбелік он және одан да көп күн жарамдылық мерзімі белгіленген азық-түлік тауарларына мұндай тауарлар берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде ақы төлеуге тиіс. 

6. Тауарларға осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімдерде ақы төлеу тауарлар беруді жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне немесе шартқа сәйкес тауарларға қатысты құжаттарды беру жөніндегі міндетті орындаған жағдайда жүргізіледі. 

7. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісі мен азық-түлік тауарларын беруші арасында азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде ішкі сауда субъектісінің өнім берушіден азық-түлік тауарларының белгілі бір санын сатып алуына байланысты оған төленетін сыйақыны азық-түлік тауарының бағасына енгізу көзделуі мүмкін. Көрсетілген сыйақының мөлшері осы шарт тараптарының келісуіне жатады және сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасының бес пайызынан аспайды. Сыйақының көрсетілген жиынтық мөлшерін есептеу кезінде қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды. Ішкі сауда субъектісінің уәкілетті орган бекітетін тізбеде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін сатып алуына байланысты осы тармақта көрсетілген сыйақыны төлеуге жол берілмейді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген сыйақы мөлшерін арттырған кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...29‑2 30 31 31‑1 32 ...36
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться