< Сауда қызметiн реттеу туралы

Ст. 32 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Сауда қызметiн реттеу туралы
32-бап. Тауарларға қойылатын талаптар

1. Қауіпсіздік талаптарына сай келетін және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін тиісті сападағы тауарлар Қазақстан Республикасының ішкі нарығында айналымға жатады. 

2. Тауарлардың сапасы туралы мәліметтер мынадай ақпаратпен расталады: 

1) дайындаушының тауар белгісі; 

2) тауардың шыққан елі; 

3) тауардың құрамы туралы; 

4) азық-түлік тауарлары үшін – тамақ құндылығы; 

5) дайындалған күні; 

6) сақтау және жарамдылық мерзімі туралы; 

7) стандарттау жөніндегі құжаттың көрсетілуі; 

8) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес өзге де мәліметтер. 

Тауар сапасына қойылатын жоғарыда аталған талаптар туралы ақпарат "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде заттаңбаларда, затбелгілерде, жапсырмаларда (стикерлерде), қосымша парақтарда, материалдық жеткізгіштерде қамтылуға тиіс. 

Тауарлардың сақталуы және тасымалы олардың сапасының сақталуы және тұтыну үшін қауіпсіздік талаптарының сақталуы, оның ішінде арнайы жабдықталған үй-жайларда сақтаудың көзделген шарттарға, осы мақсаттар үшін арнайы арналған көлік құралдарында тасымалдау шарттарына қойылатын талаптардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайларда жүзеге асырылуға және белгіленген жағдайларда мұндай талаптардың сақталуы тиісті құжаттардағы жазбалармен расталуға тиіс. 

3. Мыналарды: 

1) айналыстан алынған тауарларды; 

2) арнайы рұқсат алынбастан, айналыс қабілеті шектелетін тауарларды; 

2-1) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес алып қоюға және кері қайтарып алуға жататын өнімді; 

3) белгіленген тәртіппен таңбалауға жататын сәйкестендіру құралдары немесе есепке алу-бақылау таңбалары жоқ акцизделетін тауарларды; 

3-1) бақылау (сәйкестендіру) белгілері немесе материалдық жеткізгіштері жоқ, бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен немесе материалдық жеткізгіштермен таңбалануға жататын тауарларды; 

4) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды; 

4-1) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы шеңберіндегі сатып алуды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдардың келісуі бойынша уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің әскери немесе арнаулы нысанды, нысанды киім-кешегінің заттарына, айырым белгiлерiне жататын тауарларды; 

4-2) аталған тауарларды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сатып алу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік кіріс органдарының нысанды киім-кешегінің заттарына жататын тауарларды; 

4-3) қолданылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын аулау құралдарын; 

4-4) сексеуіл сүрегінен жасалған өнімді, Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес мемлекеттік орман иеленушілердің оны өткізуін қоспағанда, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде сексеуіл екпелерін кесуге тыйым салу қолданылатын кезеңде; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында сатуға тыйым салынған өзге де тауарларды сатуды жүзеге асыруға тыйым салынады. 

Ескерту. 32-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 346-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 94-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары 

1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы. 

2. Сауда қызметі субъектісі: 

1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда); 

2) сатылатын тауарлардың ассортиментін; 

3) жұмыс режимін; 

4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды. 

3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы.
Статья 1 ...31 31‑1 32 32‑1 32‑2 ...36
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться