< Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы

Ст. 21 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
21-бап. Кооператив мүшелерінің пайлары мен жарналары

1. Пайдың мөлшері кооператив мүшесі енгізген мүлік (пай) жарнасына пропорционалды болады. Қосымша жарна енгізген кезде пайдың мөлшері тиісінше ұлғаяды.

2. Мүлік (пай) жарналарының есебі құндық мәнде жүргізіледі. Мүлік (пай) жарнасы есебiне заттай нысанда мүлiк енгiзiлген жағдайда осындай жарнаны ақшамен бағалауды ауыл шаруашылығы кооперативінің басқармасы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы бекітетін әдістеме бойынша жүргiзедi.

Егер мүліктің құны республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың есе мөлшеріне барабар сомадан асатын болса, оны бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталуға тиіс.

Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мүлік (пай) жарнасы ретінде заттай нысанда енгiзiлетін мүлiктің бағалауын ауыл шаруашылығы кооперативі қаражатының есебінен жүргізу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Кооператив мүшесі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы бекіткен әдістеме бойынша енгізілген мүлік (пай) жарнасының бағалануымен келіспеген жағдайда енгізілетін жарналарды бағалау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның есебінен жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы кооперативіне мүлік (пай) жарнасы ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілген жағдайларда осындай жарнаның мөлшері құқық белгілейтін немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген, бүкіл мерзімге есептелген пайдаланғаны үшін төлеммен айқындалады.

Жерді пайдалану құқығын мүлік (пай) жарнасы ретінде беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

3. Қосымша жарналар енгізу туралы шешімді кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды.
Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться