< Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы

Ст. 12 Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы
12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

1. Астананың аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі астананың бас жоспарына, қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, мемлекеттік нормативтерге (мемлекеттік нормативтік құжаттарға) сәйкес және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.  

2. Алып тасталды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Астана аумағының құрылыс салу мәселелерін қарау және үйлестіру үшін астана әкімі астананың қала құрылысы кеңесін құрады.  

Астананың қала құрылысы кеңесін астана әкімі басқарады.  

Астананың қала құрылысы кеңесінің құрамына астана құрамына астана әкімдігінің өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органының, астананың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауының басшысы, жетекші сәулетшілер кіреді. Қала құрылысы кеңесінің жұмысына қоғамдық бірлестіктердің, қауымдастықтардың өкілдері және өзге де адамдар тартылуы мүмкін.  

Астананың қала құрылысы кеңесі:  

1) астана аумағындағы және қала маңы аймағындағы сәулет-қала құрылысы жобаларын қарайды;  

2) астананы монументті-көркем безендіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды және енгізеді;  

3) қала құрылысы кеңесі туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асырады.  

Қала құрылысы кеңесі отырысының мерзімділігін астана әкімі айқындайды. 

4. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру мақсатында жергілікті атқарушы орган көп пәтерлі тұрғын үйлерге техникалық зерттеп-қарауды жүргізеді. 

Техникалық зерттеп-қарау актілерінің негізінде астананың жергілікті атқарушы органы астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, жөндеуге жататын үйлердің тізбесін айқындайды. 

Астананың жергілікті атқарушы органы үйлердің тізбесін айқындағаннан кейін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысы: 

уәкілетті ұйымды тарта отырып, астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жөндеуді жүргізу туралы; 

мердігер ұйымды таңдау туралы; 

астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды толық өтеу жөніндегі өтінішті кондоминиум объектілерін басқару органы арқылы беру туралы шешім қабылдайды. 

Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде кондоминиум объектісін басқару органы уәкілетті ұйыммен жөндеуді жүргізуді ұйымдастыруға арналған шарт жасасады. 

Кондоминиум объектісін басқару органымен жасасқан шарт және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде уәкілетті ұйым мердігер ұйыммен шарт жасасады. 

Жұмыстар аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым кондоминиум объектісін басқару органымен бірге мердігер ұйымнан жұмыстардың нәтижелерін қабылдайды. 

Кондоминиум объектісін басқару органы үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысы шешімінің негізінде астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеу туралы өтінішпен жергілікті атқарушы органға жүгінеді. 

Уәкілетті ұйым мердігер ұйымға орындалған жұмыстарының көлемі үшін ақы төлеуді астананың жергілікті атқарушы органынан алған және көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге байланысты шығыстарды үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелеріне толық өтеуге арналған қаражат есебінен жүзеге асырады. 

5. Астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін уәкілетті ұйымға: 

1) астанаға бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуді ұйымдастыру; 

2) мыналармен: 

кондоминиум объектісін басқару органымен; 

мердігер ұйыммен шарттар жасасу; 

3) орындалған жұмыстарға ақы төлеу; 

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қатысты мердігер ұйымдардың орындайтын жұмыстарына мониторинг және бақылау жасау өкілеттіктері берілген. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 13‑1 ...15
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться