< Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Ст. 10 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі

1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.

2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.

Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандырушы сақтанушыға көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы емес.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.

4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:

1) стандартты;

2) кешендi.

5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтандыру полисiн электрондық нысанда ресімдеуi арқылы жасалады.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу үшiн сақтандыру сыйлықақысын есептеу және сақтанушыны, сақтандырылушыны сәйкестендіру үшін қажетті деректерді қамтитын сақтанушының өтініші негiз болып табылады.

5-1. Сақтанушының қалауы бойынша көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты сақтандырушыға жүгіну не сақтанушы мен сақтандырушы арасында электрондық ақпараттық ресурстар алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Ескертпе!
ҚР Конституциялық Соты 10-баптың 5-2-тармағының конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
5-2. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркелген (мемлекеттік тіркелуге жататын) көлік құралдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық қозғалыста жоқ көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуға жол берілмейді.

6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.

Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінің мазмұны мен ресiмделуі жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленедi.

6-1. Сақтандыру полисіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

7. Алып тасталды – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.

9. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жеке тұлға біржолғы төлеммен жүргізеді.

10. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.02.20 № 128 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.24 № 399-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 499-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8‑3 9 10 11 12 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться