< Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы

Ст. 19 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
19-бап. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi

1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасқан кезде төленуге тиіс жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін базалық сақтандыру сыйлықақысы пайдаланылады, оған көлік құралының тіркелген жеріне, көлік құралының түріне, сақтанушының (сақтандырылушының) жасына және жүргізу стажына, көлік құралының пайдаланылу мерзіміне, азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған адамдардың кінәсінен сақтандыру жағдайларының болуына немесе болмауына қарай ("бонус-малус" жүйесі) осы баптың 3-10-тармақтарында белгіленген коэффициенттер қолданылады. 

Осы Заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерін азайтуға немесе ұлғайтуға жол берілмейді. 

2. Базалық сақтандыру сыйлықақысы 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді. 

3. Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді: 

Р/с
№ 
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атауы  Көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициент мөлшері (астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін) 
1.  Алматы облысы  1,78 
2.  Түркістан облысы  1,01 
3.  Шығыс Қазақстан облысы  1,96 
4.  Қостанай облысы  1,95 
5.  Қарағанды облысы  1,39 
6.  Солтүстік Қазақстан облысы  1,33 
7.  Ақмола облысы  1,32 
8.  Павлодар облысы  1,63 
9.  Жамбыл облысы  1,00 
10.  Ақтөбе облысы  1,35 
11.  Батыс Қазақстан облысы  1,17 
12.  Қызылорда облысы  1,09 
13.  Атырау облысы  2,69 
14.  Маңғыстау облысы  1,15 
15.  Алматы  2,96 
16.  Астана  2,2 
17  Шымкент  1,01 

 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген облыстардағы өзге де қалалар мен елді мекендер үшін жылдық сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін 0,8 мөлшеріндегі түзету коэффициенті қосымша пайдаланылады. 

5. Көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, тiркеу аумағы бойынша 4,4 мөлшеріндегі коэффициент қолданылады. 

Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларға көлік құралын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттер қолданылмайды. 

6. Көлік құралының түрі бойынша коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді: 

Рет №  Көлік құралының түрі  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес жіктеу  Көлік құралының түрі бойынша коэффициент мөлшері 
Жеңіл автомобильдер  "В" - толық массасы 3500 кг аспайтын және жүргізушінің отыратын орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын автомобильдер  2,09 
Жолаушылар орны қоса алғанда 16-ға дейінгі автобустар  "Д" - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер  3,26 
Жолаушылар орны 16-дан артық автобустар  "Д" - жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші отыратын орыннан басқа, 8-ден астам отыратын орны бар автомобильдер  3,45 
Жүк автомобильдері  "С" - толық массасы 3500 кг асатын жүк автомобильдері   3,98 
Троллейбустар, трамвайлар  Троллейбустар, трамвайлар  2,33 
Мотокөлік  "А" - мотоциклдер, мотороллерлер және басқа мотокөлік құралдары  1,00 
Тіркемелер (жартылай тіркемелер)  "Е" - көлік құралдарының "В", "С" немесе "Д" санаттарына жататын сүйреуіштері бар көлік құралдарының құрамдары  1,00 

 


7. Жеке тұлғалар үшін жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері мынадай мөлшерде белгіленеді: 

Рет
№ 
Жасы және жүргізу стажы  Жасына және жүргізу стажына қарай коэффициент мөлшері 
1.  25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан аз  1,10 
2.  25 жасқа толмаған/жүргізу стажы 2 жылдан астам  1,05 
3.  25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан аз  1,05 
4.  25 жас және одан үлкен/жүргізу стажы 2 жылдан астам  1,00 

 


8. Заңды тұлғалар үшін осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициент 1,2 мөлшерінде белгіленеді. 

9. Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициенттер мынадай мөлшерде белгіленеді: 

Рет
№ 
Көлік құралының пайдаланылу мерзімі  Көлік құралының пайдаланылу мерзіміне қарай коэффициент мөлшері 
1.  7 жылға дейін, қоса алғанда  1,00 
2.  7 жылдан жоғары  1,10 

 


10. "Бонус-малус" жүйесі бойынша коэффициентті есептеу және қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 

11. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

13. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайларды қоспағанда, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты он екi айдан аз мерзiмге жасалған кезде, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi: 

СС = ЖСС*n/N, мұнда: 

СС - он екі айдан аз мерзімге жасалған көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен); 

ЖСС – жылдық сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (теңгемен); 

n - көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу мерзімі (күнмен); 

N – 365 күн (кібісе жылы 366 күн). 

Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, көлiк құралының бiрлiгiне сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi мынадай формула бойынша есептеледi: 

СС = ЖСС * K, мұнда: 

СС – Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген жағдайда, он екi айдан аз мерзiмге жасалған көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);  

К – осы баптың 14-1-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзіміне байланысты түзету коэффициенті. 

14-1. Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келу кезеңіне көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау кезінде мынадай коэффициенттер белгіленеді: 

Р/с
№ 
Шет мемлекеттерде тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында уақытша пайдаланылатын көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру кезіндегі сақтандыру мерзімі  Коэффициент 
15 күнге дейін (қоса алғанда)  0,2 
16 күннен 1 айға дейін  0,3 
2 ай  0,4 
3 ай  0,5 
4 ай  0,6 
5 ай  0,65 
6 ай  0,7 
7 ай  0,8 
8 ай  0,9 
10  9 ай  0,95 
11  10 ай және одан да көп 

 

15. Кешенді сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы көлік құралының бір бірлігі үшін төленеді, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының мөлшері сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең болып белгіленеді. 

16. Стандартты шарт бойынша сақтандыру сыйлықақысы әр сақтандырылушы бойынша есептеледі және әр сақтандырылушы бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақылары мөлшерінің ең көп шамасына тең мөлшерде сақтанушының төлеуіне жатады. 

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 18‑1 19 20 20‑1 ...32
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться