< Сақтандыру қызметi туралы

Ст. 9 Сақтандыру қызметi туралы 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N 126


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сақтандыру қызметi туралы
9-бап. Қайта сақтандыру жөніндегі қызмет

1. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет осы Заңда көзделген тәртіппен лицензиялауға жатады.

2. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясыз сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асырады.

3. Сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензия болған кезде ғана сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы.

4. "Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы "жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясында көрсетілген барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.

5. "Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымы осы Заңның 8-бабының 3-тармағында көзделген сыныптарды біріктіруді ескере отырып, "өмірді сақтандыру" саласы бойынша оның лицензиясында көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша қайта сақтандыру жөніндегі лицензияны алуға және қызметті жүзеге асыруға құқылы.

6. Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің айрықша түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларында барлық сақтандыру сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы.

7. Цедент сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға берген кезде цедентте қайта сақтандыру ұйымының қайта сақтандыруға (акцептке) тәуекелдерді қабылдағаны туралы, қайта сақтандыру талаптарының барлығы көрсетілген жазбаша нысандағы растамасының болуы міндетті.

8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізілген Қазақстан Республикасының бейрезиденттері-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыруға беруге құқылы емес.

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізіліміне енгізу үшін мыналар:

1) Қазақстан Республикасының резиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сот шешімімен қанағаттандырылған (қайта сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартқан немесе оны толық көлемде жүзеге асырмаған жағдайда) қайта сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы талабын Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындамау фактісінің болуы;

2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органға қабылданған тәуекелдер, сыйлықақылар көлемі және жасалған қайта сақтандыру шартының елеулі талаптары туралы мәліметтерді ұсынбау, сол сияқты анық емес не толық емес мәліметтерді ұсыну фактісінің болуы негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

Қазақстан Республикасының бейрезиденттері – тыйым салынған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тізілімін жүргізу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

8-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:

1) сақтандыру брокерінің;

2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;

3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;

4) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға тікелей немесе:

1) сақтандыру брокерінің;

2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің;

3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының;

4) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы беруге құқылы.

8-2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру тәуекелдерін Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігіне тікелей немесе:

1) сақтандыру брокерінің;

2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокерінің;

3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру брокері филиалының;

4) "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беруге және қабылдауға құқылы.

9. 16.12.2020 дейін қолданыста болды - ҚР 02.07.2018 № 166-VІ Заңымен.
10. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері сақтандыру тәуекелдерін сақтандыру брокерінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының) делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру процесіне қатысқан жағдайда, сақтандыру брокері (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы) уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің осы тәуекелдерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-қайта сақтандыру ұйымдарына қайта сақтандыруға орналастыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.

Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын еншілес ұйымы уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актісіне сәйкес осы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасасқан қайта сақтандыру шарттары туралы есепті Ұлттық Банкке ұсынады.

Сақтандыру тәуекелдерін "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы қайта сақтандыру ұйымына, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы сақтандыру брокерінің делдалдығы арқылы қайта сақтандыруға беру уәкілетті орган мен "Астана" халықаралық қаржы орталығында қаржылық көрсетілетін қызметтерді және олармен байланысты қызметті реттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға арасында ақпарат алмасу туралы келісім болған кезде жүзеге асырылады.

11. Алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
12. Сақтандыру ұйымын құру, оның қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату бөлігіндегі осы Заңның нормалары қайта сақтандыруды қызметтің айрықша түрі ретінде жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымдарын құру, олардың қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату талаптарына қолданылады.

13. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру тәуекелдерін Қазақстан Республикасының бейрезиденті не "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушылар не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері болып табылатын екі және одан көп сақтандыру брокері қатысқан кезде "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы болып табылатын қайта сақтандыру ұйымына қайта сақтандыруға беруіне тыйым салынады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. САҚТАНДЫРУ РЫНОГЫ

Статья 1 ...7 8 9 10 10‑1 ...92
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться