< Субсидиялар және өтем шаралары туралы

Ст. 1 Субсидиялар және өтем шаралары туралы


Утратил силу

Субсидиялар және өтем шаралары туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылған негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) уақытша өтем шаралары - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы негiзiнде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар берушiге iстi қарауды жүргiзу процесiнде кепiлдiк берiлген ақша депозиттерi және (немесе) Қазақстан Республикасы банкiнiң кепiлдiгi түрiнде қолданылатын шаралар; 2) мүдделi тұлғалар - iстi қарау объектiсi болып табылатын осындай тауардың отандық өндiрушiсi не қатысушыларының көпшiлiгi осындай тауар өндiретiн отандық өндiрушiлердiң бiрлестiгi;

тауардың шетелдiк экспорттаушысы және iстi қарау объектiсi болып табылатын тауардың шетелдiк өндiрушiсi;

тауардың отандық импорттаушысы немесе қатысушыларының көпшiлiгi осындай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бiрлестiгi;

шет мемлекеттiң үкiметi, тауар шыққан немесе осындай тауар экспорттаған елдiң уәкiлеттi органы не осындай тауар шыққан немесе оны экспорттаған елдер енетiн шет мемлекеттер одағының уәкiлеттi органы;

тауар тұтынушы немесе тауар тұтынушылар бiрлестiгi;

Қазақстан Республикасының Үкiметi және уәкiлеттi органы;

осы iстi қарау құқықтары мен мүдделерiн қозғайтын және, осы Заңның 6-бабында көрсетiлген уәкiлеттi органның пiкiрiнше, осы iстi қарауды жүргiзуге ықпал ете алатын өзге де тұлғалар; 3) өтем бажы - Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының негiзiнде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортына өтем шараларын енгiзу кезiнде қолданылатын және оған кеден бажының негiзгi ставкасынан тыс белгiленетiн баж; 4) өтем шаралары - отандық өндiрушiлерге келтiрiлген материалдық зиянды немесе оның келтiрiлу қаупiн жою үшiн уақытша өтем шарасы, өтем бажы және баға мiндеттемелерi түрiнде шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған тауар импортына қолданылатын әкiмшiлiк-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы; 5) құпия ақпарат-ашылған жағдайда бәсекелестерге едәуiр артықшылық беретiн немесе ақпарат берушi мүдделi адамға едәуiр қолайсыз зардаптар келтiретiн ақпарат; 6) материалдық зиян - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар беруден отандық өндiрушiлер ұшырайтын нақты зиян және (немесе) олар алмаған табыстар (алынбай қалған пайда); 7) қолайсыз аймақ - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауарды өндiрген және (немесе) экспорттаған елдiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген, iстi қарау кезеңiне қарай соңғы үш жылда даму деңгейi: халықтың жан басына шаққандағы табысымен, отбасының әр мүшесiнiң табысымен немесе халықтың жан басына шаққанда 85 проценттен аспайтын жалпы iшкi өнiммен және шығарылған елдiң және (немесе) экспорттаушы елдiң тиiстi орташа көрсеткiштерiнiң 110 процентiнен аспайтын жұмыссыздық деңгейiмен сипатталған әкiмшiлiк және (немесе) экономикалық аумақ 8) отандық өндiрушiлер - ұқсас немесе тiкелей бәсекелесетiн тауардың қазақстандық өндiрушiлерi, ондай тауарды өндiрудiң жиынтық көлемi Қазақстан Республикасының аумағында осындай тауарды өндiрудiң негiзгi бөлiгi болуы керек; 9) ұқсас тауар - сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасының нақ сол кодымен топтастырылатын және басқа тауарға толық сәйкес келетiн, өзiнiң жұмыс iстеу мақсаты, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа да негiзгi қасиеттерi жағынан онымен салыстыруға болатын тауар; 10) өнiм берушi - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауардың шетелдiк өндiрушiсi немесе экспорттаушысы; 11) iстi қарау - Қазақстан Республикасына әкелiнетiн, сатылған жағдайда ұқсас тауардың отандық өндiрушiлерiне материалдық зиян келтiретiн немесе сондай зиян келтiру қаупiн төндiретiн шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауар беруге байланысты құжаттар мен басқа да айғақтарды қарау рәсiмi; 12) аймақтық өндiрушiлер - аймақтық рынокта ұқсас тауар өндiрушiлердiң жиынтығы, олар мынадай талаптарға сәйкес келедi:

өндiрушiлер өз тауарының бәрiн немесе көпшiлiк бөлiгiн осы рынок iшiнде сатады;

өндiрушiлер тауарды осы аймаққа жiберетiн бiрден-бiр өндiрушiлер болып табылады; 13) аймақтық рынок - Қазақстан Республикасының жеке әкiмшiлiк- аумақтық бөлiнiсiнiң рыногы; 14) ерекше субсидия - қол жеткiзiлуi шектеулi және нақты өнiм берушiге немесе нақты өнiм берушiлер одағына, немесе экономиканың нақты саласына берiлетiн не тауар экспортын ынталандыруға немесе тауар импортының орнын толтыруға арналған субсидия; 15) субсидиялаушы орган - үкiмет немесе өнiм берушiге субсидия беретiн өзге де мемлекеттiк орган; 16) субсидия - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) көрсететiн қаржылық қолдау, ол ақша қаражатын тiкелей аудару арқылы артықшылықтан немесе осындай аударым жасау мiндеттемесiнен,

салық, кеден немесе өзге де мiндеттi төлемдерден толық немесе iшiнара босатудан,

борышты жоюдан немесе осындай борышты төлеу үшiн көмек көрсету мақсатында кредит беруден,

нақты өнiм берушiмен ғана байланысты емес инфрақұрылымды қолдау мен дамытуға арналған тауарлар мен қызмет көрсетудi қоспағанда, энергияны, материалдарды, компоненттердi, жартылай фабрикаттарды, қызмет көрсетудi жеңiлдiкпен немесе тегiн беруден,

тауарларды жеңiлдiкпен сатып алудан,

үкiметтiң мемлекеттiк емес ұйымдарға жоғарыда келтiрiлген қолдау шараларының бiрiн немесе бiрнешеуiн жүзеге асыру туралы тапсырмасынан, егер қосымша табыс табуға қол жеткiзетiн болса, бағаға немесе табысқа қандай да болсын қолдау көрсетуден тұрады; 17) материалдық зиян шегу қаупi - залал келтiру мүмкiндiгi туралы субъективтi ой-пiкiрлердi жою мақсатында нақты айғақтармен қуатталған материалдық зиянның айқын орын алуы; 18) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндiрiс практикасының мониторингiн жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, ол материалдық нұқсан келтiрiлгенiн немесе сондай қатер төнгенiн және өтем шараларын енгiзу қажеттiгiн анықтау жөнiндегi iстiң қаралуын жүзеге асырады.

Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.09. N 114 Заңымен.

Статья 1 2 3 ...41
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться