< Байланыс туралы

Ст. 23 Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі N 567


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Байланыс туралы
23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттілігіне арналған байланыс желілері

1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.  

Президенттік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Мемлекеттік күзет қызметі қамтамасыз етеді.  

Байланыс операторлары үкіметтік және президенттік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескере отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды ұлттық қауіпсіздік органымен және Мемлекеттік күзет қызметімен келісу бойынша жүргізеді. 

Үкіметтік, президенттік байланыс жүйелері, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен қамтамасыз етіледі. 

2. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін және үкіметтік байланысты қамтамасыз ету тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірлейді. 

3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.  

4. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының қажеттілігі үшін байланыс жолдары мен арналарын, кабельдік кәріздегі арналарды және техникалық құралдарды орналастыру үшін қажетті алаңдарды беру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, уәкілетті орган реттейтін бағалар (тарифтер) бойынша шарттық негізде жүзеге асырылады. 

5. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай телекоммуникация желісінің ресурстарын дайындау және пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

6. Байланыс операторлары Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторының мұқтаждары үшін байланыс арналары мен жолдарын басымдықпен беруді, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз етуге және бүлінген жағдайда байланыс арналарын ауыстыру немесе оларды қалпына келтіру жөнінде бірінші кезекті және кезек күттірмейтін шаралар қабылдауға міндетті. 

7. Байланыс операторлары, сот шешiмiмен болмаса, байланыс арналарын ажыратуға және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне, әскери басқару, ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына үкіметтік және президенттік байланыс қызметтерiн, байланыс қызметтерiн ұсынуды тоқтата тұруға құқылы емес.  

8. Байланыс операторлары байланыстың жұмыс iстеп тұрған және жаңадан салынып жатқан құрылысжайлары мен тораптарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация, үкiметтiк және президенттік байланыс желілері мүддесінде пайдаланылатын, техникалық құралдарды орналастыру үшiн қажеттi алаңдарды, сондай-ақ жол-кабельдiк құрылыстардағы резервтiк сыйымдылықтар мен кепiлдендірілген электрмен қоректендiруді көздеуге мiндеттi. 

9. Бейбiт уақытта жедел жағдай шиеленiскен, аса маңызды жұмыстар мен iс-шаралар жүргізілген кезде байланыс операторлары жедел-iздестiру және қарсы барлау қызметiн жүзеге асыратын немесе аса маңызды жұмыстар мен iс-шараларды жүргiзуге өкілеттіктері бар байланыс қызметтерiн пайдаланушыларға шарттарды ресiмдемей, уақытша жалдау шарттарымен, шығындарды кейiннен өтей отырып, қажет болған кезде ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi байланысының жұмыс арналарын пайдаланып, жекелеген өтiнiмдер бойынша қосымша арналар мен тiкелей байланыс жолдарын бөліп береді. 

Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...22‑1 22‑2 23 24 25 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться