< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 103 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
103-бап. Бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс

1. Егер Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнын осы Кодекстің 101-бабына сәйкес айқындау мүмкін болмаса, бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінген уақыт кезеңінде немесе соған сәйкес кезеңде немесе бағаланатын (әкелінетін) тауарлар әкелінгенге дейін күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес кезеңде Кеден одағының кедендік аумағына әкету үшін сатылған және Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны осындай тауарлардың кедендік құны болып табылады. 

Бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын осы баптың негізінде айқындау үшін бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың коммерциялық деңгейімен бірдей деңгейде және шын мәнінде сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, сол коммерциялық деңгейде, бірақ өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде, бірақ сол мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Егер мұндай сату анықталмаса, өзге коммерциялық деңгейде және өзге мөлшерде сатылған бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны пайдаланылады. Осы бөлікте көрсетілген ақпарат тауарларды сатудың коммерциялық деңгейіндегі және (немесе) мөлшеріндегі айырмашылықтар ескерілетін құнның тиісті түзетуі жүргізіле отырып қолданылады. 

Мұндай түзету бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнын ұлғайтуға немесе азайтуға әкеп соғатынына қарамастан, түзетудің негізділігі мен дәлдігі құжатпен расталатын мәліметтер негізінде жүргізіледі. Мұндай мәліметтер болмаған кезде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаты үшін бірдей тауарлармен жасалған мәміле құны жөніндегі әдіс пайдаланылмайды. 

2. Осы бапқа сәйкес бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындаған кезде, қажет болған жағдайда, осы Кодекстің 102-бабының 1-тармағының 4) – 6) тармақшаларында көзделген шығыстардағы елеулі айырмашылықтарды есепке алу үшін бірдей тауарлармен жасалған мәміле құнына бағаланатын және бірдей тауарларға қатысты оларды тасу (тасымалдау) арақашықтығынан және көлік түрлерінің айырмашылықтарынан туындайтын түзетулер жүргізіледі. 

3. Егер бірдей тауарлармен жасалған мәміленің біреуден артық құны айқындалса (осы баптың 1-2-тармақтарына сәйкес тиісті түзетулер ескеріле отырып), онда бағаланатын (әкелінетін) тауарлардың кедендік құнын айқындау үшін олардың ең төмені қолданылады.

Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться