< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 192 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
192-бап. Кеден одағының кедендік шекарасында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл

1. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және басқа мемлекеттік бақылаушы органдардың бақылауына жататын тауарларға кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары мұндай әрекеттерді жалпы үйлестіруді және бірлескен актіде айқындалған тәртіппен бірлескен бақылауды бір мезгілде өткізуді қамтамасыз етеді. 

2. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары мен мемлекеттік бақылаушы органдар ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендік бақылау мен мемлекеттік бақылаудың өзге де түрлерін жүргізу үшін қажетті ақпаратпен (мәліметтермен) және (немесе) құжаттармен алмасады. 

3. Тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде мемлекеттік бақылау рәсімдерін жеделдету мақсатында кедендік тексеріп қарау Кеден одағының кедендік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілуі мүмкін. Бұл ретте кедендік тексеріп қарау актісі жасалады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

4-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).

4. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының иондаушы сәуле шығару деңгейін тексеру және халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи ортамен салыстыру радиациялық бақылау болып табылады. 

Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді. 

Радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тиісті уәкілетті мемлекеттік органдармен келісе отырып белгілейді. 

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).

5. Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлар Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілген кезде аталған тауарларға кедендік бақылауды жүзеге асырады. 

Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады. 

Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Кеден одағыныңкедендік шекарасынан заңсыз өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі. 

6. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағына мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын қоздырушылардың әкелінуі мен таралуынан қорғауға бағытталған. 

Зертханалық бақылауды қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін ветеринария саласындағы уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

7. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын орындау мақсатында жүзеге асырылады және Кеден одағының кедендік аумағын Кеден одағына мүше болып табылмайтын басқа мемлекеттерден тізбесін өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган бекітетін карантинді объектілердің әкелінуінен қорғауға бағытталған. 

Зертханалық сараптаманы қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдарының Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыруы тәртібін, сондай-ақ өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган мен кеден органдарының өзара іс-қимыл жасау тәртібін өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

РҚАО-ның ескертпесі!

8-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).

8. Адамдар мен тауарларды (жүктерді) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізген кезде Кеден одағының кедендік аумағына инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуіне жол бермеу мақсатында жүргізілетін тауарлардың (жүктердің) санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйін және адамдардың денсаулық жағдайын бақылау санитарлық-карантиндік бақылау болып табылады. 

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылауды кеден органдарының лауазымды адамдары кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын бірлескен актіде айқындалған тәртіппен жүргізеді. 

Кеден одағының мүшесі болып табылмайтын басқа мемлекеттен инфекциялық және паразиттік аурулардың, сондай-ақ адамның денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдердің әкелінуінің нақты қаупі туындаған жағдайда кеден органдары санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу мақсатында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның бірлескен актілерінде айқындалған тәртіппен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы аумақтық органдарды тартады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

9-тармақ 2011.07.01 бастап қолданысқа енгізілді (ҚР 2010.06.30 N 298-IV Заңының 1-бабын қараңыз).

9. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде кеден органдарына жүктелген көлік бақылауы Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында жүзеге асырылады. 

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автомобильмен өту пункттерінде кеден органдарына жүктелген көлік бақылауын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мен көлік саласындағы уәкілетті орган арасында жасалатын бірлескен актіде белгіленген тәртіппен кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады. 

10. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтау мақсатында кеден органдары: 

1) өз құзыреті шегінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының валюта заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 

2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етіп отырады; 

3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының бұзылғандығы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етіп отырады. 

Ескерту. 192-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...190 191 192 193 194 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться