< ҚР кеден iсi туралы

Ст. 248 ҚР кеден iсi туралы 2010 жылғы 30 маусымдағы № 296-IV


Утратил силу

Действующий аналог

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

ҚР кеден iсi туралы
248-бап. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келу орны және уақыты

1. Тауарлардың Кеден одағының кедендік аумағына келуі тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу орындарында (бұдан әрі – келу орны) және кеден органдарының осы орындардағы жұмыс уақыты кезінде жүзеге асырылады. 

Тауарлардың жекелеген санаттарын Кеден одағының кедендік аумағына кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған орындарға ғана әкелуге болады. 

Тауарлар Кеден одағының кедендік аумағына Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған жағдайларда және тәртіппен келу орны болып табылмайтын өзге де орындарға келуі мүмкін. 

Кеден органдары келу орындарының тізбесін жариялау үшін, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жариялау үшін Комиссияға жіберіледі. 

2. Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өткеннен кейін әкелінген тауарларды тасымалдаушы келу орындарына немесе осы баптың 1-тармағында көрсетілген өзге де орындарға жеткізуге және кеден органына ұсынуға тиіс. Бұл ретте тауарлардың жай-күйін өзгертуге немесе олардың орамын бұзуға, сондай-ақ салынған пломбаларды, мөрлерді және өзге де сәйкестендіру құралдарын өзгертуге, алып тастауға, жоюға немесе зақымдауға жол берілмейді. 

3. Кеден органдары келу орындары, белгіленген шектеулер және кеден органдарының жұмыс уақыты туралы ақпаратты, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып беруге міндетті. 

4. Осы тараудың ережелері Кеден одағының кедендік аумағында орналасқан портқа немесе әуежайға тоқтамастан Кеден одағының кедендік аумағын кесіп өтетін су және әуе кемелерімен тасымалданатын тауарларға, сондай-ақ құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қолданылмайды. 

Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...246 247 248 249 250 ...477
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться