< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 459 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
459-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін Комиссия жүргізеді. 

2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне құқық иеленушінің немесе оның мүдделерін немесе бірнеше құқық иеленушінің мүдделерін білдіретін тұлғаның өтініші негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте қорғалатын зияткерлік меншік объектілері енгізіледі. 

Басқа құқық иеленушілермен уағдаластық бойынша зияткерлік меншіктің ұқсас объектілерінің құқық иеленушісінің бірі бірнеше құқық иеленушінің мүддесін білдіретін тұлға ретінде әрекет етуі мүмкін. 

3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуі мүмкін зияткерлік меншік объектілеріне авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілері, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған жерлерінің атаулары жатады. 

4. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуге байланысты немесе кедендік бақылаудағы тауарлармен өзге де әрекеттер жасалған кезде Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында көзделген зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының бұзылуы орын алуы мүмкін деп пайымдауға жеткілікті негіздері бар құқық иеленуші Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісін енгізу туралы өтініш (бұдан әрі осы бапта – өтініш) беруге құқылы.  

5. Комиссияға өтініш зияткерлік меншік объектілерінің бір түрі бойынша беріледі. 

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тұрақты өкілдігі жоқ құқық иеленушінің атынан өтініш Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тұрақты тұратын жері бар (тіркелген) тұлғалар арқылы берілуі мүмкін. 

6. Өтінішке Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының болуын растайтын құжаттар (куәліктер, шарттар, оның ішінде құқықтарды беру туралы және лицензиялық шарттар, құқық иеленуші не құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекетте Еуразиялық экономикалық одаққа мүше осындай мемлекеттің заңнамасына сәйкес зияткерлік меншік объектілеріне өздерінің құқықтарын растауға ұсына алатын басқа да құжаттар), сондай-ақ өтініште көрсетілуге тиіс мәліметтерді растайтын құжаттар қоса беріледі.  

Өтінішке құқық иеленушінің не құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлғаның пікірі бойынша зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарының бұзылу фактісін растауы мүмкін тауарлардың үлгілері қоса берілуі мүмкін. 

7. Егер өтінішті құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға берсе, өтінішке құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мұндай тұлғаға берген сенімхаты (сенімхаттары) да қоса беріледі. Сенімхат (сенімхаттар) Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында қолданылуға тиіс. 

Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншіктің ұқсас объектілеріне құқықтар әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда, өтінішке әрбір құқық иеленушіден сенімхаттар қоса берілуге тиіс.  

8. Өтініш және оған қоса берілетін құжаттар орыс тілінде немесе өзге тілде ұсынылады. Құжаттар өзге тілде ұсынылған жағдайда, өтінішке олардың орыс тіліндегі аудармасы қоса беріледі. 

9. Өтінiшпен бiр мезгілде құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) тауарлардың шығарылуының тоқтатыла тұруына байланысты декларантқа, меншік иесіне, тауарларды алушыға немесе өзге тұлғаларға келтірілуі мүмкін мүліктік зиянды өтеу туралы міндеттемесі ұсынылады. 

Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында зияткерлік меншіктің ұқсас объектілеріне құқықтар әртүрлі құқық иеленушілерге тиесілі болған жағдайда, әрбір құқық иеленушінің мүліктік зиянын өтеу туралы міндеттемесі берілуге тиіс. 

10. Комиссия өтінішті ресімдеуге және қарауға, ұсынылатын мәліметтер мен құжаттардың құрамына қойылатын талаптарды, өтінішті қарау мерзімі мен тәртібін, сондай-ақ осындай тізілімге зияткерлік меншік объектілерін енгізу, одан мұндай объектілерді алып тастау, оған өзгерістерді (толықтыруларды) енгізу, зияткерлік меншік объектілеріне құқық иеленушілердің құқықтарын қорғаудың белгіленген мерзімін ұзарту тәртібін, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектісін енгізу кезінде кеден органдары мен Комиссияның өзара іс-қимыл жасау және осындай тізілімді жүргізу тәртібін қамтитын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін жүргізу регламентін (бұдан әрі осы бапта – регламент) айқындайды. 

11. Құқық иеленуші осы баптың 9-тармағында көзделген міндеттемені орындау кепілдігі мақсатында оған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектілерін енгізу мүмкіндігі туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бір ай ішінде Комиссияға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше барлық мемлекетте заңдық күші бар, тауарлардың шығарылуының тоқтатыла тұруына байланысты тұлғаларға мүліктік зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыру шартын (шарттарын) немесе көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын өзге де шартты (шарттарды) ұсынуға міндетті. 

Бұл ретте сақтандыру сомасы немесе міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету сомасы жауапкершілікті сақтандыру шарты (шарттары) немесе өзге де шарт (шарттар) жасалған не осындай шарттарға өзгерістер енгізілген күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша кемінде он мың еуроға балама соманы құрауға тиіс. 

Кеден органдарында құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіруге тиісті түрде ресімделген сенімхат (сенімхаттар) не мұндай өкілеттіктерді растайтын өзге де құжат болған кезде осы баптың 9-тармағында көрсетілген міндеттемені және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген шарттарды құқық иеленушінің (бірнеше құқық иеленушінің) мүдделерін білдіретін тұлға ресімдеп, ұсынуы мүмкін. 

12. Осы баптың 11-тармағының бірінші бөлігінде көзделген шарт (шарттар) ұсынылмаған жағдайда зияткерлік меншік объектілері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне енгізілуге жатпайды, бұл туралы өтініш иесі регламентте көзделген тәртіппен және мерзімдерде хабардар етіледі. 

13. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізіліміне зияткерлік меншік объектілерінің енгізілгені үшін төлемақы алынбайды.  

14. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімінде қамтылған мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының ресми сайтында және Интернет желісінде орналастырылады.
Статья 1 ...457 458 459 460 461 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться