< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 513 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
513-бап. Кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін негіздер

1. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау үшін мыналар негіздер болып табылады: 

1) кеден қоймасы иесінің осы Кодекстің 514-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген міндеттерді орындамауы; 

2) кеден қоймалары иелерінің тізілімінен өзін алып тастау туралы кеден қоймасы иесінің кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы берілген өтініші; 

3) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның таратылуы; 

4) кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғаның қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуын қоспағанда, мұндай тұлғаның қайта ұйымдастырылуы;  

5) кеден қоймасының қызметін қайта бастау туралы кеден қоймасы иесінің өтініші болмаған кезде осы Кодекстің 512-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген, кеден қоймасы иесінің қызметін тоқтата тұру мерзімінің өтуі; 

6) осы Кодекстің 512-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін кеден қоймасы иесінің қызметін осы Кодекстің 512-бабы 1-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтата тұрған себептерді жоймау;  

7) кеден қоймасының иесін күнтізбелік бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 521, 528, 532, 533, 534, 539, 540, 544, 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін екі реттен көп әкімшілік жауаптылыққа тарту;  

8) заңды тұлғалардың кеден қоймаларының иелері ретіндегі қызметі шеңберінде кеден қоймаларының басшылары болып табылатын жеке тұлғаларды 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190, 192-1, 193, 209, 213, 214, 218, 233, 233-1, 250, 259, 311 және 312-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214, 216, 218, 234, 235-1, 236, 245, 255, 256, 258, 286, 297, 366 және 367-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі. 

2. Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешімді заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы қабылдайды және ол алып тастау себептері көрсетіле отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесінде: 

осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтініш заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органында тіркелген; 

кеден органы осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қалыптастырылады. 

Кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім кеден органдарының ақпараттық жүйесінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 

Заңды тұлғаны кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізген аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім тіркелген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаны себептерін көрсете отырып, кеден органдарының ақпараттық жүйесі арқылы алып тасталғаны туралы хабардар етеді. 

3. Заңды тұлға осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тасталған жағдайда, кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы қайта берілген өтінішті аумақтық кеден органы кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап бір жыл өткен соң қарайды. 

4. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарларды кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім қабылданған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей осы Кодекстің 149-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар, ал олар болмаған кезде кеден қоймасының иесі басқа кеден қоймасына орналастыруға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына және 237-бабының 4-тармағына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.  

5. Осы баптың 2-тармағында көзделген кеден қоймасының иесін кеден қоймалары иелерінің тізілімінен алып тастау туралы шешім күшіне енген күннен бастап заңды тұлғаның кеден қоймасының иесі ретіндегі қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді. 

Ескерту. 513-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2024 № 113-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...511 512 513 514 515 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?



Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим



Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?



Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться