< Техникалық реттеу туралы

Ст. 3 Техникалық реттеу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VI


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Техникалық реттеу туралы
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

1. Осы Заң өнімдерге, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларға, өнімдерге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу және орындау, өнімдерге, процестерге және қызметтер көрсетуге, сәйкестікті бағалауға және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. 

2. Мыналар: 

азаматтық авиация өнімін, мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, ол туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын өнімді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты талаптар белгіленетін өнімді, бұрын тұтынуда болған өнімді, ветеринариялық препараттарды, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы) қоспағанда, өнім; 

өнімге қойылатын талаптармен байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері; 

ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік, медициналық, білім беру, қаржылық, банктік және реттелуі Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген басқа да көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, ерікті түрде сертификаттау бөлігінде көрсетілетін қызметтер техникалық реттеу объектілері болып табылады. 

3. Мемлекеттік органдар, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.
Статья 1 2 3 4 5 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться