< Техникалық реттеу туралы

Ст. 40 Техникалық реттеу туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 396-VI


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Техникалық реттеу туралы
40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау мақсаттары, субъектілері және объектілері

1. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі үшін техникалық реттеу объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүлкін, оның ішінде олардың сәйкестігін бағалаудың анықтығын қамтамасыз ету арқылы қорғау, техникалық реттеу объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын жағдайларды болғызбау және саудадағы техникалық кедергілерді жою мақсатында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге бағытталған. 

2. Мыналар техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады: 

1) сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар; 

2) аккредиттеу субъектілері; 

3) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшылық ұйым және сарапшы-аудиторлар; 

4) тауардың шығарылған жері туралы сертификат және ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым; 

5) оқу орталықтары; 

6) аккредиттеу жөніндегі орган; 

7) техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығына ие дайындаушылар, импорттаушылар, сатушылар, дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалар. 

3. Техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнім техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадғалау объектісі болып табылады. 

4. Уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері және олардың лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектілеріне және мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді қоспағанда, техникалық регламенттер өзіне қатысты қолданысқа енгізілген өнімге қатысты оны айналысқа шығару сатысында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің не Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің сақталуына техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. 

5. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады. 

Жоспардан тыс тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады. 

Өнім үлгілерін іріктеп алу қажеттігіне байланысты бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады. 

Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться