< Телерадио хабарларын тарату туралы

Ст. 7 Телерадио хабарларын тарату туралы 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Телерадио хабарларын тарату туралы
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Уәкілетті орган:

1) телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;

2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың телерадио хабарларын тарату мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді;

3) осы баптың 2-тармағының 3) және 5) тармақшаларында және осы Заңның 8-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

3-1) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптауды жүзеге асырады;

3-2) есепке қою үшін өтініштер берген шетелдік теле-, радиоарналардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу тұрғысынан сараптама жүргізу қағидаларын бекітеді;

4) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының еркін қолжетімді теле-, радиоарналарының таратылуын қаржылай қамтамасыз ету (цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату, сондай-ақ аналогтік телерадио хабарларын тарату арқылы) бөлігіндегі қызметін үйлестіреді;

5) телерадио хабарларын тарату мақсатында жиілік белдеулерін, радиожиілікті (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;

6) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады, өткізеді;

7) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және оны бекіту бойынша конкурстар ұйымдастырады және өткізеді;

8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

9) лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

10) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;

11) өз құзыреті шегінде телерадио хабарларын тарату саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерді, оның ішінде телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекітеді;

12) көпарналы хабар таратудағы таратылуына қарай міндетті теле-, радиоарналардың санын айқындайды;

12-1) міндетті теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;

12-2) ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесін бекітеді;

13) отандық теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды жүзеге асырады;

14) телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

15) міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

17) телерадио хабарларын тарату мақсаты үшін жиілік белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

18) Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлейді және бекітеді әрі оның құрамына ұсыныстар енгізеді;

18-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;

19) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Телерадио хабарларын таратуды техникалық сүйемелдеу саласындағы уәкілетті орган:

1) телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторының цифрлық эфирлiк хабар таратуды енгізу бөлігіндегі қызметiн үйлестiредi;

2) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерiнiң және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

3-1) телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін және телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекітеді;

4) өз құзыретi шегiнде телерадио хабарларын тарату саласында нормативтiк құқықтық және нормативтiк техникалық актiлердi, оның iшiнде телерадио хабарларын тарату жүйесiн техникалық пайдалану қағидаларын, телерадио хабарларын тарату сапасына бақылау жүргiзу қағидаларын, теле-, радиокомпаниялардың техникалық құралдарын телерадио хабарларын тарату операторларының желiлерiне қосу қағидаларын бекiтедi;

5) телерадио хабарларын тарату құралдарына қойылатын техникалық талаптардың сақталуы бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

5-1) Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқамалар береді;

6) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2021 № 59-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5‑1 6 7 8 9 ...43
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться