< Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы

Ст. 10 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
10-бап. Кеме атауы. Кеменi дараландыру тәртiбi

1. Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жататын кеменің өз атауы болуға тиіс. 

Меншік иесі кеменің атауын береді және өзгертеді.  

Кемелерге бірдей атаулар беруге жол берілмейді. 

2. Кеме атауының өзгертiлгенi туралы меншiк иесi кеменiң тiркелген кепiлдерiн кепiлге ұстаушыларға дереу хабарлайды. 

3. Спутниктік байланыстың кеме станциясының шақыру сигналын және сәйкестендiру нөмірін беру тәртібін байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22 № 601 (өзгеріс 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Кеменiң ұлттығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы  

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланушы кеме Қазақстан Республикасының ұлттығында болады. 

2. Қазақстан Республикасының ұлттығын иеленушi кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге мiндеттi. 

3. Кеме осы Заңның 16-бабының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының кемелерi тiзiлiмдерiнiң бiрiнде мемлекеттік тiркелген кезден бастап, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығына ие болады. 

3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы: 

1) мемлекеттiң; 

2) азаматтардың және Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншiгiндегi кемелерге; 

3) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге (мердігерлік компаниялар, оператор, агенттер) беріледі, бұл ретте осындай кемелерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын берудің ерекшеліктері Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен айқындалады. 

4. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде меншiкке сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының консулдық қызметi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын куәландыратын және кеме Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында мемлекеттік тіркелгенге дейiн, бірақ бір жылдан аспайтын уақыт жарамды болатын уақытша куәлiк берген кезден бастап осындай құқықты пайдаланады. 

5. Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында көзделген тәртіппен уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзу құқығы бербоут-чартер бойынша: 

1) қазақстандық жалға кеме алушыға; 

2) өнім бөлу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркелген филиалдары арқылы Каспий теңізінде қызметін жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға (мердігерлік компанияларға, операторға, агенттерге, қосымша мердігерлерге) пайдалануға берілген, шет мемлекеттiң кемелер тiзiлiмiнде тiркелген кемеге уақытша берілуі мүмкін. 

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығын пайдаланбайтын кемеде осы тудың көтерiлгенi үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылықты мойнына алады.  

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Кемені шет мемлекеттің туын көтеріп жүруге уақытша ауыстыру 

Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде, Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде немесе кеме кiтабында тiркелген кеме бербоут-чартер бойынша шетелдiк кемені жалдаушының иеленуiне немесе пайдалануына берiлген кезде, мұндай кеме уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде, кейіннен әрбір екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге тиiстi тiзiлiмге тiркеліп және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығы тоқтатыла тұрып, шет мемлекеттің туын көтеріп жүзуге уақытша ауыстырылуы мүмкін. 

Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
13-бап. Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру  

1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кеменiң меншiк иесi меншiк иесiнiң мүдделерiне сыйақы алу үшiн кеменi басқаруды сенiмгерлiк басқару шарты бойынша жүзеге асыру үшiн сенiмгер басқарушыға беруге құқылы.  

Шаруашылық жүргiзудегi немесе оралымды басқарудағы кеменi меншiк иесiнің немесе уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сенiмгер басқаруға беруге болмайды.  

Кеменiң сенiмгерлiк басқаруға берiлуi оған меншiк құқығымен сенiмгерлiк басқарушыға ауысуына әкеп соқпайды. 

2. Кеменi сенімгерлiк басқаруға беру Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады. 

3. Кемелердi басқару және оларды пайдалану саласында құзыреттi тұлға сенiмгер басқарушы бола алады. 

4. Кеменi сенiмгерлiк басқару шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиiс.  

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22. № 601 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Кеме құжаттары  

1. Кеменің уәкілетті орган тізбесін, жүргізу тәртібін және оларға қойылатын талаптарды айқындайтын кеме құжаттары болуға тиіс. 

Көшірмесін осы құжатты берген орган растауы немесе нотариус куәландыруы тиіс кемеге меншік құқығы туралы куәлікті қоспағанда, кеме құжаттарының түпнұсқалары кемеде болуға тиіс. 

2. Шетелде жүзуге шығатын кемелердiң, Қазақстан Республикасының суларында жүзуге арналған тиiстi қағидада көзделген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттары болуға тиiс. 

3. Шет мемлекеттердiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiретiн кемелерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар болуға тиiс. 

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
15-бап. Кемелерді техникалық байқау, куәландыру және оларды сыныптау 

1. Кеме теңiзде жүзу қауiпсiздiгi талаптарын қанағаттандыратыны анықталғаннан кейiн ғана жүзуге жiберiлуi мүмкiн. 

2. Кемелерді техникалық байқауды, куәландыруды және оларды сыныптауды Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамдары жүзеге асырады. 

Бұл ретте кемелерді куәландыру жөніндегі өкілеттіктер және оларды шетелдік сыныптау қоғамдарының беру шарттары уәкілетті орган мен шетелдік сыныптау қоғамдары арасындағы келісімдерде айқындалады. 

Кемеге сынып беру Кеме қатынасының тіркелімі немесе шетелдік сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады. 

Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен заңды тұлғаларының кемелерге және кеменің жекелеген элементтеріне техникалық байқауды жүзеге асыруына тыйым салынады. 

3. Кеме құжаттары болмаған кезде немесе шетел туын көтерiп жүзiп жүрген кеме Қазақстан Республикасының теңiз портына келген кезде, тиiстi құжаттарының болуына қарамастан, теңiзде қауiпсiз жүзудiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарын қанағаттандырмаса, уәкiлеттi орган мұндай кеменi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзушi кемелермен бiрдей негiзде куәландырудан өткiзуге құқылы. 

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. КЕМЕЛЕРДI ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚҰҚЫҚТАРДЫ
МЕМЛЕКЕТТIК ТIРКЕУ

Статья 1 ...8‑6 9 10 11 12 ...248
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться