< Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы

Ст. 16 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
16-бап. Қазақстан Республикасының кеме тiзiлiмдерi

1. Кеме Қазақстан Республикасы кеме тiзiлiмдерiнiң (бұдан әрi - кеме тiзiлiмдерi) бiрiнде: 

1) Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде; 

2) кеме кiтабында; 

3) бербоут-чартер тiзiлiмiнде; 

4) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге жатады. 

2. Кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (оған ауыртпалықтар) Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында мiндеттi мемлекеттік тiркелуге жатады. 

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген кемеге меншiк құқығы және өзге де заттық құқықтар (бербоут-чартер бойынша жалдап алынған кемеге осы құқықтарды қоспағанда), осы құқықтарды шектеулер (ауыртпалықтар), олардың туындауы, ауысуы және тоқтатылуы Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатады. 

Меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға қатысты шектеу (ауыртпалықтар) белгіленген кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу және аталған тізілімнен осындай кемені шығару, оның пайдасына тиісті шектеу (ауыртпалық) белгіленген тұлғаның жазбаша нысандағы келісімімен жүзеге асырылады. 

3. Мемлекеттiк тiркелуге тиiс, жасалып жатқан кеме жылжымайтын мүлiкке теңестiрiледi.  

Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығы киль салынған немесе сарапшының қорытындысымен расталған тең бағалы құрылыс жұмыстары жағдайында жасалып жатқан кемелер тiзілiмiнде тiркелуi мүмкiн. Жасалып жатқан кемеге меншiк құқығын мемлекеттік тiркеген кезде тиiстi куәлiк берiледi. 

3-1. Алып тасталды – ҚР 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4. Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар, мұнай құйылатын, сүйреткіш кемелер, қалқымалы бұрғылау құрылғылары, құрғақ жүк кемелері, қалқымалы крандар және техникалық флот кемелерi (жер снарядтары және басқалар), сондай-ақ шағын көлемді кемелер болып табылмайтын кемелер тiркеледi. 

5. Кеме кiтаптарында шағын көлемді кемелер тiркеледi. 

Массасы қоса алғанда екі жүз килограмға дейінгі және қозғалтқыштарының (орнатылған жағдайда) қуаты қоса алғанда сегіз киловатқа дейінгі шағын көлемді кемелер, сондай-ақ ұзындығы тоғыз метрден аспайтын, қозғалтқыштары жоқ және демалуға арналған орындармен жабдықталмаған спорттық желкенді кемелер мемлекеттік тіркелуге жатпайды. 

5-тармақтың үшінші абзацы 01.01.2018 дейін қолданыста болды - ҚР 05.05.2017 № 59-VI Заңымен (мәтін алып тасталды).

6. Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде және кеме кiтаптарында гидроұшақтар, сондай-ақ шлюпкалар мен кеменiң керек-жарақтары болып табылатын өзге де қалқымалы құралдар тiркелмейдi. 

7. Бербоут-чартер тiзiлiмiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзуге уақытша құқық берiлген кемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзуге уақытша құқықтың қолданылу мерзімін әрбiр екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге тiркеледi. 

Кемелердің тіркелу мерзімін ұзарту Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген, оңайлатылған тәртіппен жүзеге асырылады. 

8. Теңiз кемелерiн мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде алым алынады. 

9. Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде жүктерді, жолаушыларды және олардың багаждарын халықаралық тасымалдаулар, сүйретіп жүзу үшін пайдаланылатын кемелер, оның ішінде бербоут-чартер бойынша пайдалануға берілген кемелер тіркеледі. 

Егер кемелер шет мемлекеттердің кемелер тізілімдерінде тіркелген болса және Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркеу туралы өтініш берілген күні олардың жасалғанына жиырма жылдан асса, олар Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелуге жатпайды.  

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.10.22 № 601 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.26 № 311, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
17-бап. Кеме тiзіліміне енгiзiлетiн мәлiметтердiң өзгертiлуi  

Кемелер тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердiң кез келген өзгерiсi туралы кеменің меншiк иесi немесе оны бербоут-чартер бойынша кеменi жалдаушы кеме тiркелген порттың теңiз әкiмшiлiгiне екi апта iшiнде хабарлауға мiндеттi.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...248
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться