< Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы

Ст. 18 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
18-бап. Мемлекеттiк органдар пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу

Әскери корабльдердi, әскери-қосалқы кемелер мен шекара корабльдерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және мемлекеттiк органдар өздерiне жүктелген функцияларды атқару үшiн пайдаланатын кемелердi мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде немесе кеме кiтабында Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.10.22. № 601 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу  

Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында белгіленген тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылады.  

Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.  

Ескерту. 18-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.06.02 № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерту енгізілді - 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару  

Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан: 

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 

2) конструкциялық жағынан күйреген; 

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан; 

4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады.  

Ескерту. 18-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.06.02. № 55 (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
18-3-бап. Кемені бербоут-чартер тізілімінен шығару 

Бербоут-чартер тізілімінен: 

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 

2) конструкциялық жағынан күйреген; 

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан; 

4) осы Заңның 11-бабының 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған;  

5) Кемелердi және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларына сәйкес, оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған кеме шығарылуға жатады. 

Ескерту. 3-тарау 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-4-бап. Кемені Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен шығару 

Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінен: 

1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен; 

2) конструкциялық жағынан күйреген; 

3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер нәтижесінде кеме сапасын жоғалтқан; 

4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған; 

5) оған қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы шешімнің күшін жойған; 

6) оған қатысты Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде сол кемеде қызметін жүзеге асыру фактісі анықталған кеме шығарылуға жатады. 

Ескерту. 3-тарау 18-4-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-5-бап. Хабарсыз жоғалып кеткен кеме 

Егер қалыпты жағдайларда кеме туралы соңғы хабарлама келіп түскен жерден бастап межеленген портқа барғанға дейін қажетті мерзімнен екі есе асатын мерзім ішінде кемеден ешқандай хабар келіп түспесе, кеме хабарсыз жоғалып кеткен болып саналады. Кемені хабарсыз жоғалып кеткен деп тану үшін қажетті мерзім кеме туралы соңғы хабар алынған күннен бастап бір айдан кем болмауға тиіс, әскери іс-қимыл жағдайларында алты айдан кем болмауға тиіс. 

Ескерту. 3-тарау 18-5-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...16 17 18 18‑1 18‑2 ...248
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться