< Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы

Ст. 51-1 Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы
51-1-бап. Суға батқан мүліктің меншік иесінің жауапкершілігі

1. Суға батқан мүліктің меншік иесі, суға батқан мүлікке: 

1) соғыс қимылдары, дұшпандық әрекеттер, азаматтық соғыс, көтеріліс немесе болмай қалмайтын және еңсерілмейтін дүлей құбылыс салдарынан; 

2) залал келтіру ниеті бар үшінші тұлғалардың қасақана әрекетімен (әрекетсіздігімен); 

3) оттарды немесе кемеден тысқары жерлердегі басқа да навигациялық құралдарды күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған, олардың тиісінше жұмыс істемеуі салдарынан залал келтірілген жағдайларды қоспағанда, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтау, белгілеу және оны аластау шығыстары үшін жауапты болады. 

2. Сол бір авариялық жағдайдан туындаған, суға батқан мүліктің жатқан жерін анықтауға, белгілеуге және оны аластауға байланысты суға батқан мүліктің меншік иесі жауапкершілігінің мөлшері мынадай тәртіппен есептелетін жалпы сомамен шектеледі: 

сыйымдылығы қоса алғанда 2000 тіркелімдік тоннадан аспайтын кеме үшін – 1,51 миллион есептік бірлік; 

сыйымдылығы 2000 тіркелімдік тоннадан асатын кеме үшін осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген сомаға мынадай сома қосылады: 

2001-ден 30000 тоннаға дейін қоса алғанда әрбір тоннаға – 604 есептік бірлік; 

30001-ден 70000 тоннаға дейін қоса алғанда әрбір тоннаға – 453 есептік бірлік; және  

70000 тоннадан астам әрбір тоннаға – 302 есептік бірлік. 

3. Жалпы сыйымдылығы 300 тіркелімдік тонна және одан астам кеменің меншік иесі суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілік тәуекелін сақтандыруға не осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде суға батқан мүлікті аластағаны үшін жауапкершілікті өзге де қаржылық қамтамасыз етуді беруге міндетті. 

4. Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кіретін кеменің бортында суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлігі болуы міндетті. 

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелерге суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлікті порттың теңіз әкімшілігі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысан бойынша береді. 

Ескерту. 51-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...50 51 51‑1 52 53 ...248
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться