< Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы

Ст. 12-1 Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы 1994 жылғы 21 қыркүйектегі N 156


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
12-1-бап. Аралас тасымалдар шарты

1. Аралас тасымалдар шарты мыналарды: 

1) клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) және аралас тасымалдар операторының құқықтары мен міндеттерін; 

2) клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) және аралас тасымалдар операторының жауапкершілігін; 

3) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатын (бірыңғай коносаментті) толтыру тәртібін; 

4) жеткізу мерзімі мен шарттарын; 

5) межелі пункттерді; 

6) жүктердің көлемін; 

7) төлем құны мен тәртібін қамтуға тиіс. 

Аралас тасымалдар шарты аралас тасымалды ұйымдастырудың осы Заңда және аралас тасымалдар қағидаларында көзделмеген өзге де талаптарын қамтуы мүмкін. 

2. Аралас тасымалдар операторының: 

1) өзiнiң қасиеттері, салмағы мен габариттік параметрлері бойынша аралас тасымал шартында көрсетiлген жүк туралы деректерге сәйкес келмейтiн жүктi аралас тасымалдаудан бас тартуға; 

2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) көрсеткен жаңа межелi пунктке еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан жүктi жеткiзуге мүмкiндiк болмаған жағдайда, аралас тасымалдаудан бас тартуға және жүк жөнелтушiнi бұл туралы алдын ала хабардар ете отырып, жүктi оған қайтаруға құқығы бар. Бұл ретте аралас тасымалдар операторының қосымша шығыстарын, егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк жөнелтушi (жүкті алушы) төлейдi; 

3) клиенттен (жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, жолаушыдан, кемемен жалданушыдан) аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерін тиісінше орындауды талап етуге құқығы бар. 

Аралас тасымалдар операторының Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де құқықтары бар. 

3. Аралас тасымалдар операторы: 

1) белгіленген мерзімде жүкті қабылдауға; 

2) жүкті жөнелту пунктінен межелі пунктке әртүрлі көлік түрлерін пайдалана отырып тасымалдауды ұйымдастыруға; 

3) тасымалдаудың әрбір кезеңінде жүктің қозғалысына мониторингті қамтамасыз етуге; 

4) бүкіл қозғалыс жолында жүктің сақталуын қамтамасыз етуге; 

5) жүктің белгіленген мерзімде жеткізілуін қамтамасыз етуге; 

6) жүкті алуға уәкілетті адамға (жүк алушыға) жүкті беруді қамтамасыз етуге міндетті. 

Аралас тасымалдар операторы Қазақстан Республикасының заңдарында және аралас тасымалдар шартында белгiленген өзге де мiндеттер атқарады. 

4. Клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының): 

1) мәлімделген жүкті тасымалдау үшін қозғалыс маршруты, көліктің құрамы мен түрлері туралы ақпарат алуға; 

2) аралас тасымалдар операторынан аралас тасымалдар шарты бойынша міндеттемелерді тиісінше орындауды талап етуге; 

3) жазбаша құжаттық дәлелдемелерді көрсеткен жағдайда, аралас тасымалдар кезінде келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқығы бар. 

Клиенттің (жүк жөнелтушiнің, жүк алушының, жолаушының, кемемен жалданушының) Қазақстан Республикасының заңдарына және аралас тасымалдар шартына сәйкес өзге де құқықтары бар. 

5. Клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы): 

1) аралас тасымал шартында көрсетілген мерзімге сәйкес аралас тасымалдар операторына жүкті беруге; 

2) аралас тасымалдар операторына аралас тасымал шартында айтылған барлық тиесілі төлемдерді төлеуге міндетті. 

Ескерту. 3-бөлім 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.10.2015 № 363-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...11 12 12‑1 12‑2 12‑3 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться