< Аралық соттар туралы

Ст. 44 Аралық соттар туралы 2004 жылғы 28 желтоқсандағы N 22


Утратил силу

Действующий аналог

Төрелік туралы

Аралық соттар туралы
44-бап. Аралық соттың шешiмiне шағым жасау

1. Аралық сотта талқылау тараптары не құқықтары мен міндеттері қозғалған үшінші тұлғалар аралық сот шешiмiне Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреттi сотқа шағым жасауы мүмкін.

2. Аралық сот шешімiне, егер аралық сот шешімінің күшін жою туралы арыз берген аралық сотта талқылау тарапы не құқықтары мен міндеттері қозғалған тұлға:

1) аралық келiсiм Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша жарамсыз екендігінiң;

2) аралық соттың шешiмi аралық келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша шығарылғандығының, не аралық келiсiмнiң шегiнен шығатын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратындығының, сондай-ақ даудың аралық соттың ведомстволық қарауында болмауы салдарының дәлелдемелерiн табыс еткен жағдайларда ғана шағым жасалуы мүмкiн.

Егер аралық соттың аралық келiсiмде қамтылатын мәселелер жөнiндегi қаулылары мұндай келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегі қаулылардан бөлiнiп шығарылуы мүмкiн болса, онда аралық соттың аралық келiсiмде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратын шешiмiнiң сол бөлiгi ғана күшiн жоюы мүмкiн;

3) аралық соттың құрамы немесе аралық сотта iс қарау Қазақстан Республикасы аралық сотта iс қарау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiндiгiнiң;

4) тарап аралық судьялардың сайлануы (тағайындалуы) туралы немесе аралық сот отырысының уақыты мен орны туралы тиiстi түрде хабардар етiлмегендiгiнiң не басқа да себептермен аралық сотқа өз түсiндiрмелерiн бере алмағандығының;

5) аралық соттың шешiмi Қазақстан Республикасының заңдылық принциптерi мен жариялылық тәртiбiне қайшы келетiндiгiнiң;

6) алынып тасталды - ҚР 2010.02.05 249-IV Заңымен.

7) аралық сот шешімінің қабылдануына негіз болған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп танығандығының дәлелдемелерін табыс еткен жағдайларда ғана шағым жасалуы мүмкін.

3. Аралық сот шешiмдерiнiң күшi жойылған жағдайда, тараптардың кез келгенi аралық келiсiмге сәйкес аралық сотқа жүгiнуге құқылы.

Егер аралық сот шешiмiнiң аралық келiсiмнiң жарамсыздығы салдарынан немесе шешiм аралық келiсiмде көзделмеген немесе оның шарттарына тура келмейтiн дау бойынша қабылданғандықтан, не аралық келісімде қамтылмайтын мәселелер жөнiндегi қаулылардан тұратындықтан, толық немесе iшiнара күшi жойылған жағдайда, тиiстi дау аралық сотта одан әрi қарауға жатпайды.

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.02.05 249-IV, 2012.07.10 N 32-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 N 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
6-тарау. АРАЛЫҚ COTTЫҢ ШЕШIМIН ОРЫНДАУ
Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться