< Iшкi су көлiгi туралы

Ст. 1 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Iшкi су көлiгi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

1) айлақ - кемелердiң қауiпсiз кiруiне арналған құрылғылары бар және кемелердiң қауiпсiз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсiруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;  

2) арқандап байлау - кеменiң айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуi және кеменi осыларға бекiту жөнiндегi iс-қимылдар; 

2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар – халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау; 

3) дебаркадер - жолаушылар кемелерiн немесе жүк кемелерiн арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелi айлақ;  

4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлiнетiн шығындарының есебi;  

5) диспашерлер - iшкi су көлiгi саласында бiлiмi мен тәжiрибесi бар, диспашаны айқындау жөнiндегi есептi жасайтын адамдар;  

6) жағалау белдеуі – экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі; 

6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi – осы Заңның 24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат; 

7) жол жұмыстары – iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөнiндегi басқа да жұмыстар; 

8) жолаушы – тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келiсiмiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам; 

8-1) жолаушы куәлiгі – кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты; 

8-2) жолаушылар кемесі – он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме; 

9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiне сәйкес берiлетiн Кеме қатынасы тiркелiмiнiң негiзгi құжаттарының бiрi;  

10) кеме – шағын көлемді кеме болып табылмайтын ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде "өзен-теңiзде" жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және осы сияқты басқа да техникалық құрылғылар); 

11) кеме жолы - белгiлi бiр көлемдегi кемелердiң кедергiсiз жүзуiне жол берiлетiн шектерде жолдың бағыты мен шекараларын көрсететiн навигациялық жағдайдың белгiлерi қойылған iшкi су жолдарындағы су бетi;  

12) кеме жүргiзу - iшкi су жолдарымен жүзудi жүзеге асыратын кеменi басқаруға байланысты қызмет;  

13) кеме иесi - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеменi өз атынан иелену және пайдалану құқығымен пайдаланатын тұлға; 

13-1) кеме ипотекасы – мемлекеттiк тiркеуге жататын ішкі суда жүзетiн кеменiң, шағын көлемдi кеменің, "өзен-теңiзде" жүзетiн кеменiң тиiстi тiзiлiмде тiркелген шарт негiзiнде туындайтын ипотекасы; 

14) кеме кiтабы – шағын көлемді кемелер және оларға құқықтар тiркелетiн құжат; 

15) кеме қатынасы – шағын көлемді кемелерді пайдалана отырып атқарылатын қызметті қоспағанда, жүктерді, жолаушылар мен олардың багажын, почта жөнелтілімдерін тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, балық аулауды және өзге де кәсіпшіліктерді, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық алып өтуді, құтқару операцияларын жүргізу, су объектілерін қорғау, оларды ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, суға батқан мүлікті көтеру, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін кемелерді пайдалануға байланысты қызмет; 

16) кеме қатынасы шлюзi – кемелердi судың бiр деңгейiнен екiншi деңгейiне көтеруге немесе түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс; 

17) Кеме қатынасы тiркелiмi – кемелердi, палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; 

18) кемелердi лоцмандық алып өту - кемелердiң iшкi су жолдарының аса күрделi учаскелерi бойынша қауiпсiз өтуiн қамтамасыз ететiн қызмет;  

19) кеменiң меншiк иесi - Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына сәйкес кеменiң меншiк иесi ретiнде тiркелген тұлға;  

20) киль - кеменiң негiзгi ұзына бойы созылған элемент, ол кеменiң түбiн бойлай оның тұмсығынан артқы жағына дейiн тартылып, оны екi симметриялы бөлiкке бөледi;  

21) көлiк жүкқұжаты – тiкелей су қатынастарында жүк тасымалдау кезiнде ресiмделетiн тасымалдау құжаты; 

22) куәландыру - кеменiң арналуы мен жiктелiмiнiң расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес кеменiң техникалық жай-күйiн анықтау мақсатында кеменi қарап шығу;  

23) Қазақстан Республикасының iшкi су жолдары (бұдан әрi - iшкi су жолдары) - кеме қатынасы мақсатында пайдалануға болатын табиғи немесе қолдан жасалған қатынас жолдары;  

24) Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi (бұдан әрi - iшкi су көлiгi) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мен кеме қатынасына байланысты өзге де қызметтi жүзеге асыратын көлiк түрi;  

25) қарап тексеру – Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің объектiнi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан уәкiлеттi органның тексеруi; 

26) қауiптi жүк - өзiнiң қасиеттерi мен ерекшелiктерiне қарай тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде жарылыстың болуына, өрттiң шығуына немесе техникалық құралдардың, құрылғылардың, үйлердiң, құрылыстардың және ғимараттардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына себеп болуы, қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүк;  

27) лоцман - кеменi арқандап байлау, зәкiрге қою және оларды портта қайта орналастыру орнына қауiпсiз алып жүру саласындағы белгiлi бiр бiлiмi мен дағдысы бар маман;  

28) Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi - осы Заңның 26-бабының 5-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес кемелер мен оларға құқықтар тiркелетiн құжат;  

29) мемлекеттiк көлiктiк бақылау және қадағалау (бұдан әрi – көлiктiк бақылау және қадағалау) – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргізетiн iс-шаралар жиынтығы; 

30) навигация - кеме қатынасын жасау мүмкiн болатын уақыт кезеңi;  

31) "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кеме - техникалық сипаттамалары бойынша теңiз және iшкi су жолдарында кеме қатынасы мақсатында жарамды әрi белгiленген тәртiппен пайдалануға жiберiлген кеме; 

31-1) палубалы шағын көлемді кеме – бортқа, арақабырға мен тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме; 

32) порт - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктердi тиеу, түсiру, қабылдау, сақтау және беру, көлiктiң басқа да түрлерiмен өзара iс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесiнде және iшкi су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешенi;  

33) порт акваториясы - кемелер мен құрамдар жүгiнiң өңделуiн немесе рейске жөнелтудi күтiп тұратын, сондай-ақ қажеттi операциялар орындалатын айлаққа және рейдтер құрылғысына кемелердiң келуi мен онда тұруы үшiн қызмет ететiн су бетiнiң шектеулi учаскесi;  

34) рейдтер - кемелердiң зәкiр салып тұруына, маневр жасауына немесе жүктердi қайта тиеуге арналған кеме жолы шегiнен тыс порт акваториясының бөлiгi;  

35) рейс - белгiлi бiр уақыт аралығында географиялық пункттер немесе аудандар арасында жолаушыларды немесе жүктердi тасымалдаудың көлiктiк процесi; 

35-1) судың жобалық деңгейі – кеме қатынасы қарқындылығының белгісі бойынша су жолдары тобына қарай көпжылдық қамтамасыз етудің белгіленген шамасы бар төменгі навигация деңгейлерінің бірі, оның негізінде кеме қатынасы өзендерінде кепілдік берілген кеме жүрісі габариттері белгіленеді; 

36) такелаж - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгiлердi көтеруге және түсiруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы;  

37) тасымалдаушы - кеменi меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздермен иеленушi, жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн және тасымал құжаттарында көрсетiлген тұлға;  

38) тез бүлiнетiн жүк - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше шарттарын қажет ететiн жүк;  

39) тексеру - кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңнамасының талаптарын сақтауын айқындау мақсатында жасайтын бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың iс-әрекетi;  

40) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

41) техникалық байқау – Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы және iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексерудi қамтитын, кемелердiң, палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметiнiң құрамдас бөлiгi; 

42) тұру пунктi - кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн жөндеу, олардың жылдың жазғы және қысқы мезгiлiнде тұруы, оларды техникалық байқаудан өткiзу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесi мен су бетi объектiсiнiң акваториясы; 

42-1) тіркеу нөмірі – кеменің, оның ішінде шағын көлемді кеменің мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде оған берілетін нөмірі; 

43) уәкiлеттi орган – iшкi су көлiгi саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

44) уәкiлеттi органның кәсiпорны - қызмет көрсететiн шекаралар шегiнде кемелердiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында iшкi су жолдарын және кеме қатынасының гидротехникалық құрылыстарын (шлюздерін) тиiсiнше күтiп ұстау мен дамыту үшiн өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру негiзгi мiндетi болып табылатын iшкi су көлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорны; 

45) шағын көлемді кеме – балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кеме. 

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.06 № 209, өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары  

1. Қазақстан Республикасының iшкi су көлiгi туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.  

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Статья 1 2 3 ...103
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться