< Iшкi су көлiгi туралы

Ст. 20 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Iшкi су көлiгi туралы
20-бап. Кеменi лоцмандық алып өту

1. Кемелердi лоцмандық алып өту iшкi су жолдарындағы кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырауы мүмкiн көлiк оқиғаларын болғызбау мақсатында жүзеге асырылады.  

Кемелердi лоцмандық алып өту жөнiндегi қызметтер ақылы негiзде көрсетiледi.  

2. Лоцмандар ретiнде жұмысқа лоцмандық қызмет туралы ережеде белгiленген талаптарға, сондай-ақ кемелердi лоцмандық алып өтуге уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сай болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтары жiберiлуi мүмкiн. 

3. Қажет болған жағдайда, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн мән-жайлар туындағанға дейiн тоқтата тұруға құқылы.  

4. Кемеде лоцманның болуы кеме капитанын кеменi басқару жауапкершiлiгiнен босатпайды.  

Кеме капитаны кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында лоцман ұсыныстарының дұрыстығына күмәнi болған жағдайда, оның қызмет көрсетуiнен бас тартуға құқылы, бұл ретте, егер кеменi лоцмандық алып өту мiндеттi болса, кеме капитаны мұндай лоцманды алмастыруды талап етуге мiндеттi.  

5. Кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне лоцманның кiнәсiнен келтiрiлген зиян үшiн кеменiң меншiк иесiне және (немесе) кеме иесiне зиян келтiрiлген кезде лоцман жұмыс iстейтiн ұйым жауапты болады.  

Егер лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмаудың салдарынан келтiрiлген залал лоцманның немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйымның қасақана немесе абайсызда жасаған әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) салдарынан болғандығы дәлелденсе, лоцман немесе лоцман жұмыс iстейтiн ұйым толық көлемде жауапты болады.  

Кеменi лоцмандық алып өтудi тиiсiнше жүзеге асырмауға кiнәлi лоцман Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда мамандығынан айырылуы мүмкiн. 

6. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзушi кеме iшкi су жолдарымен бүкiл жүзу жолында, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, мiндеттi түрде лоцмандық алып өтуге жатқызылады.  

7. Кеменi лоцмандық алып өту кезiнде лоцман аумақтық бөлiмшеге:  

1) кеме қатынасы қауiпсiздiгiне қатер төндiруi мүмкiн кеме жолының кез келген өзгерiстерi;  

2) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеме және iшкi су жолдарында өзi қызмет көрсететiн учаскеде басқа да кемелер ұшыраған кез келген оқиғалар;  

3) лоцмандық алып өтудi өзi жүзеге асырып отырған кеменiң капитаны кеменiң жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануын болғызбау ережелерiн орындамауы туралы дереу хабарлауға мiндеттi.  

8. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...103
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться