< Iшкi су көлiгi туралы

Ст. 25 Iшкi су көлiгi туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 574


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Iшкi су көлiгi туралы
25-бап. Кемеге меншiк құқығы

1. Кемелер: 

1) мемлекеттiң; 

2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының; 

3) егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шет мемлекеттердiң, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды тұлғалардың меншiгiнде болуы мүмкiн. 

2. Кемеге немесе кеменiң бір бөлiгiне меншiк құқығы осындай құқықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тiркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлiмше берген кеме куәлiгімен расталады. 

Кеме куәлiгi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме куәлiгiнiң телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді. 

2-1. Шағын көлемді кемеге немесе шағын көлемді кеменің бір бөлігіне меншік құқығы осындай құқықты кеме кітабында мемлекеттік тіркеген кезден бастап туындайды және аумақтық бөлімше берген кеме билетімен расталады. 

Кеме билетi жоғалған жағдайда, аумақтық бөлiмше шағын көлемді кеменiң меншiк иесiнiң өтiнiшi бойынша оған аталған құжаттың телнұсқасын береді. Кеме билетінің телнұсқасын беру тәртібі Кеменi, оның iшiнде шағын көлемдi кеменi және оған құқықтарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларымен белгiленеді. 

3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

3-1. Алып тасталды – ҚР 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4. Кеменiң меншiк иесi, егер шартта өзгеше көзделмесе, оны меншiк иесiнiң мүддесiнде сыйақы алу арқылы кеменi басқаруды жүзеге асыру үшiн оны сенiмгерлiк басқару шарты бойынша сенiмгерлiк басқарушыға беруге құқылы.  

Кеменi сенiмгерлiк басқаруға беру оған меншiк құқығының сенiмгерлiк басқарушыға өтуiне әкеп соқпайды. 

5. Алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

6. Кемелердi басқару мен оларды пайдалану саласындағы құзыреттi тұлға сенiмгерлiк басқарушы бола алады.  

Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.26 № 311, 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.01.2021 № 412-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...103
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться