< Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы

Ст. 3 Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 436-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы
3-бап. Кеңестің өкілеттіктері

1. Кеңес: 

1) судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз етеді; 

2) аудандық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – аудандық сот) судьясының, облыстық және оған теңестірілген соттың (бұдан әрі – облыстық сот) сот алқасы төрағасының, судьясының, Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуді конкурстық негізде жүзеге асырады: 

конкурстың қорытындылары бойынша аудандық соттың судьясының, облыстық соттың сот алқасы төрағасының және судьясының бос лауазымдарына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

конкурстың қорытындылары бойынша Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына баламалы негізде ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

2-1) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда судьялардың бос лауазымдарына кандидаттарды конкурссыз тағайындау не сайлау мәселелерін қарайды: 

жергілікті және басқа сот судьясының бос лауазымына тағайындау үшін кандидатты Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Сот судьясының бос лауазымына кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

3) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидатураларды қарайды: 

облыстық соттар төрағаларының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының бос лауазымдарына кандидаттарды лауазымға тағайындау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

3-1) аудандық сот төрағасының бос лауазымына сайлау үшін кадр резервінде тұрған адамдардың және (немесе) өз кандидатурасын өзі дербес ұсынған адамдардың қатарынан кандидатураларды облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысына ұсынады;  

3-2) облыстық соттың кеңейтілген жалпы отырысы сайлаған адамдардың қатарынан аудандық сот төрағасының бос лауазымына кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады: 

іріктеудің қорытындылары бойынша аудандық сот төрағасының бос лауазымына тағайындау үшін кандидаттарды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

4) Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатураны қарайды: 

Жоғарғы Сот Төрағасының бос лауазымына кандидатты Парламент Сенатына ұсыну үшін Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным жасайды; 

5) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген жағдайларда төрағалардың, сот алқалары төрағаларының және судьялардың өкілеттіктерін тоқтату мәселелерін қарайды: 

Қазақстан Республикасының Президентіне жергілікті және басқа соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын, Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағаларын лауазымынан босатуды ұсынады; 

Парламент Сенатына ұсыну енгізу үшін Жоғарғы Соттың Төрағасы мен судьяларын лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыным енгізеді; 

5-1) бір жыл мерзім өткеннен кейін судья лауазымына алғаш рет тағайындалған адамның жұмыс нәтижелерін қарайды және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия) судьяның кәсіби қызметін оң бағалаған кезде, Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша оны бекіту туралы мәселені шешеді;  

5-2) зейнеткерлік жасқа толғанда судья лауазымында болу мерзімін ұзарту туралы мәселені қарайды; 

5-3) Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын жалпы басқаруды жүзеге асырады; 

6) Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган басшысының лауазымына кандидатты тағайындауға және оны лауазымынан босатуға келісім беру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды; 

6-1) Сот жүйесіндегі судья кадрларының жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады, оның кейіннен жариялануын қамтамасыз етеді; 

7) Сот жюриінің және Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімдеріне шағым жасау туралы судьялардың жолданымдарын қарайды; 

8) судья болып жұмыс істеуге ниет білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдауды ұйымдастырады; 

9) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяны ұстап алуға, күзетпен ұстауға не үйқамаққа алуға, оны күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, судьяны қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы мәселені шешу үшін қорытынды ұсынады; 

10) сот жүйесін және Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар мен ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді; 

11) судья корпусының сапалық құрамын жақсарту, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру, судьялардың біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады; 

11-1) судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүргізу әдістемесін алдын ала келіседі; 

12) Кеңес регламентін бекітеді; 

13) судья лауазымына орналасу үшін біліктілік емтихандарын тапсырған, Кеңестің ұсынымын алған, соттарда тағылымдамадан өткен және облыстық соттардың жалпы отырыстарының қорытындыларын алған, сондай-ақ Кеңестің жанындағы Сот төрелігі академиясын бітірген адамдардың есебін жүргізуді ұйымдастырады; 

14) судьялардың жалпы штат санын, әрбір жергілікті және басқа соттың судьялар санын белгілеуге келісім беру туралы мәселені қарайды; 

15) судьялардың электрондық дербес есебін жүргізуді ұйымдастырады; 

16) аудандық сот төрағасының, облыстық соттың төрағасының, сот алқалары төрағаларының және судьясының, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағаларының және судьясының лауазымына кадр резервін (бұдан әрі – кадр резерві) қалыптастырады; 

17) кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін бекітеді; 

18) Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссияның құрамын бекітеді; 

18-1) Кеңес жанындағы Сот жюриінің құрамын бекітеді; 

19) судьялыққа кандидаттардың психологиялық тесттен өту тәртібін айқындайды; 

19-1) судьяға куәлік беру тәртібін белгілейді; 

20) Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережені бекітеді; 

21) осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Кеңестің өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін: 

1) мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан, азаматтардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға; 

2) тиісті лауазымды адамдардың ауызша түсініктемелерін тыңдауға және жазбаша түсініктемелерін талап етіп алдыруға; 

3) Кеңес мүшелерінің, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер өкілдерінің арасынан комиссияларды, жұмыс топтарын құруға, өз жұмысына мамандар тартуға құқығы бар. 

Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.03.2017 № 53-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 20.12.2021 № 83-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2023 № 216-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.

2-тарау. КЕҢЕС ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

Статья 1 2 3 4 5 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться