< Астық туралы

Ст. 19 Астық туралы 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Астық туралы
19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу

1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi: 

1) ұн және жарма өнімін, құрама-жем, нан-бөлке, макарон өнімдерін өндіру және өткізу, майлы тұқымдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін қайта өңдеу және өткізу; 

2) бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, кірме жолдар қызметтерін, сондай-ақ жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау бойынша қызметтер көрсету; 

3) телекоммуникация құралдарын орнату үшін астық қабылдау кәсіпорынының өндірістік емес алаңдарын беру жөнінде қызмет көрсету; 

4) жанар-жағармай материалдарын сақтау үшін мұнай өнімдерінің базалары мен резервуарларды жалға беру жөнінде қызметтер көрсету; 

5) астықты, астық қалдықтарын және астық сақтау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру процесінде алынатын өзге де мүлікті өткізу;  

6) астық қалдықтарын сақтау бойынша қызметтер көрсету. 

Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет пен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметіне байланысты емес қызмет операцияларының бөлек есебін жүргiзуді қамтамасыз етуге мiндеттi. 

2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:  

1) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткiзу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.  

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.10.13. № 488 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.11.21 № 89-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының аудитi  

1. Астық қабылдау кәсiпорнының жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және растау үшiн астық қабылдау кәсiпорны жыл сайынғы мiндеттi аудиторлық тексерулер жүргiзiп отырады. 

2. Егер кәсiпорынның басқару органы астық қабылдау кәсіпорнының жылдық қаржылық есебiне, сондай-ақ оның iсiнiң ағымдағы жай-күйiне аудиторлық тексеру жүргiзуден жалтарса, кез келген мүдделi тұлғаның арызы бойынша қабылданған сот шешiмiмен тексеру тағайындалуы мүмкiн. 

3. Тексеру комиссиясының (ревизордың) астық қабылдау кәсiпорны басқару органының қызметiн тексерудi жүзеге асыруы астық қабылдау кәсiпорнын аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться