< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 773 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
773-бап. Сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары

1. Сарапшының қорытындысы – бұл арнаулы ғылыми бiлiмдi пайдалана отырып жүргiзiлген iс материалдарын, оның iшiнде заттай дәлелдемелер мен үлгiлердi зерттеу нәтижелерiне негiзделген, оның алдына жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған түйіндер. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған әдiстерi, қойылған сұрақтарға жауаптардың негiздемесi және сарапшының өзінің бастамасымен белгіленген, iс үшiн маңызы бар мән-жайлар да көрсетiледi. 

2. Қорытындыны зерттеулер жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып, сарапшы (сарапшылар) өз атынан жасайды, оны өзінің (өздерiнiң) қолымен және жеке мөрiмен куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда, сарапшының (сарапшылардың) қолы көрсетілген органның мөрiмен расталады. Сарапшының (сарапшылардың) электрондық нысанда ұсынылатын қорытындысы оның (олардың), сондай-ақ сараптаманы сараптама органы жүргізген кезде көрсетілген органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. 

3. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сараптаманың жүргiзiлген мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәлiметтер; сараптама жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгi; сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар және олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; объектiлер; пайдаланылған әдiстемелер көрсетiле отырып, зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша түйіндердің негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге тиiс. 

4. Егер осы Кодекстiң 772-бабының он үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердiң барлығына немесе кейбiреуiне жауап беру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс. 

5. Сарапшының айғақтары – осы Кодекстің 757-бабының талаптарына сәйкес ол ұсынған қорытындыны түсіндіру немесе нақтылау мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында ол хабарлаған мәліметтер. 

6. Маманның қорытындысы – бұл әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын уәкілетті лауазымды адам немесе тараптар маманның алдына қойған мәселелер бойынша жазбаша түрде ұсынған пікірі, оларға жауап қайтарылған кезде тиісті зерттеу жүргізу талап етілмейді. 

7. Маманның қорытындысы кіріспе, сипаттау бөліктерінен және түйіндерден тұрады. Кіріспе бөлігінде: қорытындының берілген күні, орны, уақыты; арнайы зерттеу жүргiзуді тапсырған лауазымды адам; маман туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы, атқаратын лауазымы) көрсетiлуге тиiс. 

Сипаттау бөлігінде маманның алдына қойылған мәселелер, қорытынды беру үшін маманға ұсынылған объектілер, материалдар, құжаттар, зерттеу кезінде қатысқан адамдар қамтылады. Түйіндерде маманның қойылған мәселелерге жауаптары және олардың ғылыми негіздемесі көрсетіледі. 

8. Маманның айғақтары – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау барысында арнаулы білімді талап ететін мән-жайлар туралы ол хабарлаған мәліметтер, сондай-ақ осы Кодекстің 756-бабының талаптарына сәйкес өз пікірін түсіндіру. 

9. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген тәртiппен куәландырылған, сарапшының, маманның қорытындысын көрнекiлейтiн материалдар (фотокестелер, схемалар, графиктер, кестелер және басқа да материалдар) қорытындыға қоса берiледi және оның құрамдас бөлiгi болып табылады. Қорытындыға зерттеуден кейiн қалған объектiлер, оның iшiнде үлгiлер де қоса берiлуге тиiс. 

10. Сарапшының, маманның қорытындысы жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан сот, орган (лауазымды адам) үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда олардың қорытындымен келiспеуi уәждi болуға тиiс. 

Ескерту. 773-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.12.2019 № 300-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...771 772 773 774 775 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться