< Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

Ст. 1 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: авариялық-құтқару құралдары - техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлiк өнiм, оның iшiнде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлiк пен материалдар, әдiстемелiк, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған өзге де құралдар; авариялық-құтқару құрамасы - негiзiн арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етiлген құтқарушылар бөлiмшелерi құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметiнiң құрамына енетiн құрылым; авариялық-құтқару қызметi - негiзiн өзiне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кiшi, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететiн көмекшi қызметтердi қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның iшiнде аэромобильдi отрядтар құрайтын, қызмет мiндеттерi жағынан бiртұтас жүйеге бiрiктiрiлген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi мiндеттердi шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы; әскерилендiрiлген авариялық-құтқару бөлiмi - қауiптi өндiрiстiк объектiлерге тәулiк бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерiмен әрекет етiп, соны басшылыққа алатын және қауiптiлiгi жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмiрi үшiн жол беруге болатын шектегi тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым; құтқару жұмыстары - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауiптi факторлардың ықпалын жою немесе мүмкiн болатын ең төменгi деңгейге дейiн жеткiзу жөнiндегi iс-әрекеттер; құтқарушы - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат; құтқарушылардың мәртебесi - құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құқықтары мен мiндеттерiнiң жиынтығы; табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган; төтенше жағдайды жою басшысы - төтенше жағдайды жою кезiнде жұмыстар жүргiзудi басқаратын немесе өкiлеттiгiне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергiлiктi атқарушы орган тағайындаған басты өкiмшi және жауапты адам; төтенше жағдайларды жою кезiндегi шұғыл жұмыстар - құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерiн көрсету, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабiлетiн қолдау үшiн қажеттi жағдайлар жасау жөнiндегi қызмет.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.05.26 N 34-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 2 3 ...33
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться