< Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы

Ст. 28 Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы


Утратил силу

Действующий аналог

Азаматтық қорғау туралы

Авариялық-құтқару қызметi және құтқарушылардың мәртебесi туралы
28-бап. Құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелерiнiң әлеуметтiк кепiлдiктерi

1. Құтқарушыларды сақтандыру Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрлерi туралы заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Құтқарушылар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан шарттар негiзiнде келiп түскен қаражат есебiнен де сақтандырылуы мүмкiн. 3. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан (өлген) не ол қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақаттың салдарынан бiр жыл iшiнде өлген жағдайда асырауындағы адамдарға оның соңғы атқарған қызметi бойынша бiр жылдық жалақысының кемiнде он есе мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 4. Құтқарушыға қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде алынған зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат салдарынан мүгедектiк белгiлеу кезiнде оған:

I және II топтардағы мүгедекке - бiр жылдық жалақысының бес еселенген мөлшерiнде;

III топтағы мүгедекке - бiр жылдық жалақысының екi еселенген мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 5. Құтқарушы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiк белгiленбей, еңбек қабiлетiн тұрақты жоғалтқан ауыр зақым (жарақаттану, жаралану, контузия), сырқат алған жағдайда оған бiр жылдық жалақысынан кем емес мөлшерде бiр жолғы жәрдемақы төленедi. 6. Егер құтқарушының қаза табуы (өлуi), жарақаттануы, жаралануы (зақымдануы), сырқаттануы қызметтiк мiндетiн атқарумен байланысты емес мән-жайларға қатысты болғандығы белгiленген тәртiпте дәлелденсе, осы Заңның 3, 4, 5-тармақтарында белгiленген бiр жолғы жәрдемақы төленбейдi. 7. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қайтыс болған немесе қаза тапқан құтқарушысын жерлеу үшiн тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленетiн мөлшерде жәрдемақы берiледi. 8. Осы баптың 3, 4, 5, 7-тармақтары бойынша жәрдемақы авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларын ұстайтын ұйымдардың қаражаты есебiнен төленiп, осы ұйымдардың шығындары залал келтiрушiнiң есебiнен кейiннен толық көлемiнде өтеледi. 9. Құтқарушылардың отбасы мүшелерiн асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.07 N 244 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...33
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться