< Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы

Ст. 1 Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 

1) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

1-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

2) квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олармен үлестес болып табылатын еншілес, тәуелді және өзге де заңды тұлғалар; 

3) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйеленген жиынтығы; 

4) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

5) Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері - энергетикалық ресурстарды жылына шартты отынның бір мың бес жүз және одан да көп тоннаға барабар көлемінде тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор мен табиғи монополиялар субъектілері; 

5-1) нысаналы энергия аудиті – ерікті негізде жүргізілетін, нысаналы сипаты және жүргізу көлемі бойынша шектеуі бар энергия аудиті; 

5-2) оқу орталығы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектісі; 

5-3) тапсырыс берушілер – ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық басқарушы компанияларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар; 

6) терможаңғырту – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың жылу энергиясы ысырабының азаюына әкелетін, олардың жылу техникалық сипаттамасын жақсарту жөніндегі іс-шара; 

7) үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы – үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; 

8) шартты отын – техникалық-экономикалық есептеулер кезінде қабылданған, органикалық отынның алуан түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік; 

8-1) экспресс-энергия аудиті – қысқартылған бағдарлама бойынша және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент жүйесі шеңберінде жүзеге асырылатын энергетикалық талдаудың және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі алдыңғы қорытындының нәтижелерін растау мақсатында жүргізілетін энергия аудиті; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

9) энергетикалық аудит (бұдан әрі – энергия аудиті) энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау мен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындыны дайындау мақсатында энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау; 

10) энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері); 

11) энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың техникалық жағынан мүмкін болатын және экономикалық жағынан ақталған деңгейіне қол жеткізу; 

12) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі – энергия тиімділігі) – ұсынылған көрсетілетін қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнімдер (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы; 

12-1) энергия-аудиторлық ұйым – энергия аудитін жүзеге асыратын заңды тұлға; 

12-2) алып тасталды - ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

12-3) энергия-сервистік компания – меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен энергия-сервистік шарт шеңберінде энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді), оның ішінде мердігер ұйымдарды тарта отырып орындайтын заңды тұлға; 

13) энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тиімділігі сыныбы – энергия тұтынатын электр құрылғысының энергия тұтыну үнемділігінің пайдалану сатысындағы энергия тиімділігін сипаттаушы деңгейі; 

14) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру; 

14-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы менеджмент (бұдан әрі – энергия менеджменті) – объектінің энергетикалық ресурстарын ұтымды тұтынуды қамтамасыз етуге және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған әкімшілік іс-қимылдар кешені; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

14-2) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2022 № 130-VII (энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық стандарттар қабылданған күннен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

15) алып тасталды - ҚР 29.03.2016 № 479-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

16) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

16-1) алып тасталды - ҚР 17.11.2015 № 407-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

17) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

17-1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға; 

17-2) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздері, жобаларды іске асыру бойынша іс-шаралар графиктері мен жоспарлары көрсетілген энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі; 

18) алып тасталды - ҚР 14.01.2015 № 279-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 

19) энергия үнемдеуші жабдық – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жабдық; 

20) энергия үнемдеуші материал – энергетикалық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін материал. 

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 14.01.2015 № 279-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 407-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...24
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться