< Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы

Ст. 36 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
36-бап. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылған кезде мiндеттемелердi орындау

1. Инвестициялық пай қорының активтерiн өткiзуден алынған ақша, осы Заңның 35-бабының 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мынадай тәртiппен бөлiнедi:  

1) бiрiншi кезекте инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн үшiншi тұлғалардың және олардың алдындағы қор мiндеттемелерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға негiз туындағанға дейiн құралған өзге де кредиторлардың, сондай-ақ пайларды иеленуге немесе сатып алуға өтiнiмдерi iшiнара орындалған тұлғалардың (пайлардың ақысын төлеген, бiрақ қор пайларын ұстаушылардың тiзiлiмiне енгiзiлмеген тұлғалардың және пайларды сатып алуға өтiнiмдерi қордың жұмыс iстеуiн тоқтату үшiн негiз туындаған кезге дейiн қабылданған пай ұстаушылардың) шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;  

2) екiншi кезекте инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы мен кастодианын қоспағанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезеңiнде оның активтерiн өткiзудi және пайларын сатып алуды қамтамасыз ететiн тұлғалардың шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;  

3) үшiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату кастодианның қызметiне байланысты емес негіздер бойынша жүзеге асырылса, оның кастодиандық қызметке лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қоры кастодианының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;  

4) төртiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату басқарушы компанияның қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, оның инвестициялық портфельдi басқаруға лицензиясы күшiнде болған жағдайда инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;  

5) бесiншi кезекте егер қордың жұмыс iстеуiн тоқтату орталық депозитарийдің қызметiне байланысты емес негiздер бойынша жүзеге асырылса, орталық депозитарийдің қордың жұмыс iстеуiн тоқтатуға байланысты шығыстарын төлеу жүзеге асырылады;  

6) алтыншы кезекте пай ұстаушылар арасында активтерді бөлу жүзеге асырылады.  

2. Инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi осы Заңның 33-бабы 1-тармағының 2) және 2-1) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тоқтатылған кезде, қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты басқарушы компанияның шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi. 

3. Басқарушы компанияның инвестициялық портфельдi басқаруға берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қорды сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ қор кастодианының кастодиандық қызметке берiлген лицензиясы қолданылуының тоқтатыла тұруына (одан айырылуына) немесе оның бұдан әрi қор активтерiн есепке алуды және сақтауды жүзеге асырудан бас тартуына байланысты инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiн тоқтату кезiнде басқарушы компанияның немесе кастодианның қордың жұмыс iстеуiн тоқтату рәсiмiне байланысты шығыстары инвестициялық пай қоры активтерiнiң есебiнен өтелмейдi.  

4. Басқарушы компанияға және кастодианға берiлетiн сыйақыны қоса алғанда, инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуiнің тоқтатылуына байланысты шығыстар инвестициялық пай қорының активтерiн өткізу нәтижесiнде алынған ақша сомасының бес пайызынан аспайтын мөлшерде инвестициялық пай қорының активтері есебiнен өтеледi. 

5. Осы бапқа сәйкес есеп айырысулар аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы қордың жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы:  

1) қор кастодианының осы қордың барлық активтерiн бөлу туралы хабарламасын;  

2) орталық депозитарийдің осы қордың пайларын ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiнiң жабылғаны туралы хабарламасын қоса отырып, уәкiлеттi органға ақпаратты табыс етедi.  

6. Уәкілетті органға инвестициялық пай қорының жұмыс iстеуi тоқтатылғаны туралы ұсынылған құжаттар алынған күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде қаралады. Ұсынылған құжаттар осы баптың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тiзiлiмiне пайлардың өтелгенi туралы мәлiметтер енгiзедi. 

Құжаттар ұсынылмаған немесе оларда осы баптың 2-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатудан бас тартады. 

7. Уәкілетті органның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тарту туралы шешімдері ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда қабылданады. 

Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату туралы ақпаратты назарға алудан бас тартылған жағдайда, инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы немесе кастодианы уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде пысықталған құжаттарды уәкілетті органға қайтадан ұсынады. 

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Инвестициялық қор активтерінің құрамы мен құны

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться