< Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы

Ст. 37 Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы
37-бап. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамы

1. Акционерлік (жылжымайтын мүлiк қорларынан басқа) және инвестициялық пай қорларының активтерiн қаржы құралдары құрайды. 

2. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн қаржы құралдары, сондай-ақ мынадай инвестициялау объектiлерi: 

1) ғимараттар мен құрылыстар, сондай-ақ жер учаскелерi; 

1-1) аяқталмаған құрылыс объектілері; 

1-2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес осындай деп танылатын инвестициялық жылжымайтын мүлік; 

2) өндiрiстiк құрал-сайман және ғимараттар мен құрылыстарға қызмет көрсетуге қажеттi негiзгi құралдар құрайды. 

Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн мүлiкке инвестициялау кезiнде (бағалы қағаздар мен ақшаны қоспағанда) оны бағалаушы мiндеттi түрде бағалауға тиiс. 

3. Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі, сондай-ақ қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде және акционерлiк инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында немесе инвестициялық пай қорының қағидаларында айқындалады. 

4. Жылжымайтын мүлiк қорының таза активтерi құнының кемiнде сексен пайызын жылжымайтын мүлiк құрауға тиiс. 

Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына кiретiн мүлiк сақтандырылуға және (немесе) жылжымайтын мүлiк қоры осы активтердiң мөлшерiндей резервтiк қор құрылуға тиiс. 

5. Жылжымайтын мүлiк қорларының активтерiн құрайтын жылжымайтын мүлiктi қайта бағалаудан түсетін табыстарды шегергендегі жылжымайтын мүлiк қорының қаржы жылының қорытындысы бойынша инвестициялық табысының кемiнде елу пайызын жылжымайтын мүлiктi жалға беру нәтижесiнде алынған табыстар құрауға тиiс. 

6. Инвестициялық қор активтерiнiң құрамында: 

1) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар; 

2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер; 

3) коммерциялық емес ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы акциялар немесе қатысу үлестерi; 

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын және қаржы агенттiктерiнің агенттiк облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның бір түрдегі (шығарылымдағы) орналастырылған қаржы құралдарының жалпы санының он бес пайызынан асатын мөлшерде осы түрдегі (шығарылымдағы) қаржы құралдары болмауға тиіс. 

Осы тармақтың бірінші бөлігі 4) тармақшасының талабы тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларға және негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлік қорларының активтері есебінен сатып алынған жылжымайтын мүлікке қызмет көрсету болып табылатын еншілес ұйымдарды құру бөлігінде жылжымайтын мүлік қорларына қолданылмайды. 

7. Жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамы жылжымайтын мүлiк қоры акцияларының шығарылымы тiркелген күннен бастап он екi ай iшiнде осы баптың талаптарына сәйкес келтiрiлуге тиiс. 

Егер жылжымайтын мүлiк қорының активтерiмен қандай да бiр мәмiлелердi жүзеге асыру нәтижесiнде не өзге де жағдайларда жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамына қойылатын талаптар және (немесе) шектеулер бұзылатын жағдайда, жылжымайтын мүлiк қоры осындай оқиға болғаннан кейiнгi бiр күн iшiнде уәкiлеттi органды хабардар етуге және жылжымайтын мүлiк қоры активтерiнiң құрамында осындай өзгерiстер болған күннен бастап алты ай iшiнде активтердiң құрамын осы баптың талаптарына сәйкес келтiруге мiндеттi. 

8. Бiр басқарушы компанияның басқаруындағы инвестициялық қорлар активтерi мен басқарушы компанияның өз активтерiнің қаржы рыногы лицензиаттарының дауыс беретiн акцияларына инвестицияларының жиынтық көлемi оларды сатып алуға уәкiлеттi органның келiсiмiн алуды талап ететiн мөлшерден аз болуға тиiс. 

9. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

9-1. Дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның ұлттық экономиканың бір саласында қызметін жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі бiр тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестициялық қордың активтерi есебiнен жасалатын инвестициялардың жинақталған мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді. 

10. Инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру мерзiмi аяқталғанға дейiн оның активтерi Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен немесе пайлардың номиналды құны көрсетілген валютамен екiншi деңгейдегi банктердiң депозиттерiне ғана инвестициялануы мүмкiн. 

Инвестициялық пай қорының пайлары бастапқы орналастыру мерзімі аяқталғанға дейін депозиттеріне орналастырылатын екінші деңгейдегі банктер мына талаптарға сай болуға тиіс: 

1) осы инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясына қатысты үлестес болып табылмауға тиіс; 

2) екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген қор биржасы тізімінің санаттарына енгізілуге тиіс. 

Ескерту. 37-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
38-бап. Бухгалтерлік есеп және инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау 

1. Инвестициялық қор активтерiнің, инвестициялық қордың таза активтерiнің құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын және акционерлік инвестициялық қор акциясын сатып алу бағасын айқындау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен, әдiстеме бойынша және тәртiппен жүзеге асырылады. 

2. Инвестициялық қор активтерiнің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі. 

3. Уәкiлеттi орган инвестициялық қор активтерiнiң, оның таза активтерiнiң құнын, пайдың есептiк құнын, пайды кейiннен орналастыру немесе сатып алу бағаларын, акционерлiк инвестициялық қордың акциясын сатып алу бағасын бағалау әдiстерi дұрыс қолданылмаған немесе құны дұрыс есептелмеген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге құқылы. 

4. Акционерлік инвестициялық қордың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау тәртібі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленеді. 

Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-тарау. Инвестициялық қордың активтерін басқару

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...48
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться