< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Ст. 16-2 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
16-2-бап. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жыл сайын тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаны қабылдайды, бұл сертификатталған азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының сертификаттау талаптарына және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін ұстау бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізетін іс-шаралар кешенін білдіреді. 

2. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының тәуекелдер дәрежесін бағалау, оның ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының қаржы-экономикалық жағдайын бағалау ескеріле отырып әзірленеді және сертификатта (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікте) көзделген қызмет түрлерін қамтиды. 

Азаматтық авиацияның пайдаланушылары мен ұйымдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға тоқсан сайын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен нысан бойынша қаржы-экономикалық жағдай туралы ақпарат береді. 

3. Тұрақты қадағалауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарлама сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданылу мерзімі ішінде азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары қызметінің барлық аспектілері ескеріле отырып, тексерулердің мерзімділігін, қадағалау мәселелері бойынша азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдарының лауазымды адамдарымен өзара іс-қимыл жасауды және жүргізілген тексерулер нәтижелерін есепке алуды қамтиды. 

Ескерту. 2-тарау 16-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 16‑1 16‑2 16‑3 16‑4 ...111
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться