< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Ст. 16-3 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
16-3-бап. Тұрақты қадағалауды жүзеге асыру кезінде анықталған, белгіленген талаптарды бұзушылықтар деңгейі және бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар

1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу дәрежесіне қарай, тұрақты қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бірінші және екінші деңгейдегі бұзушылықтар болып бөлінеді. 

2. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ұшу қауіпсіздігіне және авиациялық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретіндей елеулі бұзушылықтар бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Бірінші деңгейдегі бұзушылыққа: 

авиация инспекторын азаматтық авиация пайдаланушысының және (немесе) ұйымдарының объектілеріне (әуе кемелерін, ғимараттарды, құрылысжайларды, ангарларды, отын қоймаларын, қызметтік үй-жайларды қоса алғанда және аумағына) кіргізуден бас тарту; 

ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының сертификат (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) алуы, сертификаттау талаптарына сәйкестікте ұстауы; 

азаматтық авиацияның пайдаланушысының немесе ұйымының заңға қайшы іс-қимылдар жасауы немесе сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлік) заңсыз пайдалануы; 

Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бекітуіне жататын құжаттамаға осындай ұйымның тиісті бекітуінсіз өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу; 

екінші деңгейдегі бұзушылық кезінде азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын оған бағалау жүргізу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға белгіленген мерзімде ұсынбауы немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым белгілеген немесе ұзартқан мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамауы; 

осы Заңға сәйкес, соның негізінде сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәліктің) қолданысы тоқтатыла тұратын не сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алатын өзге де жағдайлар кіреді. 

3. Бірінші деңгейдегі бұзушылықтарға кірмейтін, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзудың барлығы екінші деңгейдегі бұзушылықтарға жатады. 

4. Қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым немесе авиация инспекторы азаматтық авиация пайдаланушысына немесе ұйымына анықталған бұзушылықты жою үшін түзету іс-қимылдарын қолдану талабымен нұсқама жібереді. 

Қажет болған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органына хабар береді. 

5. Бірінші деңгейдегі бұзушылық болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиацияның пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жойған кезге дейін осы Заңда белгіленген жағдайларда және тәртіпте, сертификатты (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті) қайтарып алу немесе оны толық немесе ішінара шектеу немесе қолданысын тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Екінші деңгейдегі бұзушылықтар болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым:  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1) анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылық анықталған кезден бастап үш айдан аспайтын мерзім белгілейді. Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және тексеру нәтижелерімен танысқан немесе инспекторлық нұсқама алған кезден бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұсынады;  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2) азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы ұсынған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын бекітеді не оны негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарады.  

Азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының жоспарында көрсетілген мерзімдерді өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым оларды ұзартады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушысының немесе ұйымының түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындауын тексеру жүргізу жолымен бақылайды.  

Егер азаматтық авиация пайдаланушысы немесе ұйымы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-қимылдарын орындамаса, екінші деңгейдегі бұзушылық бірінші деңгейдегі бұзушылыққа айналады және осы баптың 5-тармағында көзделген шаралар қабылданады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым азаматтық авиация пайдаланушылары мен ұйымдары тарапынан түзету іс-қимылдарын қоса алғанда, барлық анықталған бұзушылықтарды, оларды жою жөнінде қабылданған шаралар мен белгіленген мерзімдерді есепке алуды жүргізеді. 

Ескерту. 2-тарау 16-3-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16‑1 16‑2 16‑3 16‑4 16‑5 ...111
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться