< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Ст. 16-4 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
16-4-бап. Ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылау

Ескерту. 16-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 10.05.2017 № 64-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның сертификаттауына жатпайтын, бірақ осы Заңның 10-2-бабында көзделген қызметке жатқызылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне бақылауды жүзеге асырады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Бақылау жеке және (немесе) заңды тұлғаларды ішінара және жоспардан тыс тексеру, ұшу қауіпсіздігінің талаптарын сақтаудағы олардың қызметін байқау және талдау, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздіктің жай-күйін шолу және авиациялық қауіпсіздік жүйесін сынау арқылы жүзеге асырылады.  

Ішінара тексерулерді жүргізу нұсқамалық материалдар пайдаланыла отырып және тексерулер жүргізу графигінде белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады. 

Бақылауды жүзеге асыру кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларды жоспардан тыс тексеруге мыналар: 

1) тексеру немесе бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалардың орындалуын бақылау; 

2) адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру туралы не зиян келтіру қаупінің төнуі туралы жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарынан және жергілікті өкілді органдардан ақпарат алу және өтініштердің түсуі; 

3) өзінің қызметіне тексеру жүргізу туралы тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның бастамашылық өтініші; 

4) егер оларға қатысты ішінара тексеру белгіленген болса, тексерілетін жеке тұлғаның тегінің, атының, әкесінің атының (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе тексерілетін заңды тұлға атауының өзгеруі, сондай-ақ оның қайта ұйымдастырылуы; 

5) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін жеке немесе заңды тұлғаның өтініш жасауына байланысты қайта тексеру негіз болып табылады. 

3. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, авиация инспекторлары бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық нұсқамалар береді. 

Ескерту. 2-тарау 16-4-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16‑2 16‑3 16‑4 16‑5 16‑6 ...111
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться