< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Ст. 16-5 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
16-5-бап. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перрондық тексерулер

1. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелерін перронда тексеруді нұсқамалық материалды пайдалана отырып авиация инспекторлары жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасының халықаралық ұшулар үшін ашық әуежайында қонуды жүзеге асырған әуе кемесі мен экипаж тексеруге жатады. 

Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жасалған келісімдер негізінде шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне жүргізілген перрондық тексерулер бойынша ақпарат жинауға және оны шет мемлекеттермен алмасуға атсалысады.  

2. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым тиісті әуеайлақтардағы пайдаланушылар саны, әуе кемелерінің типі және қону саны, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдер дәрежесі ескеріле отырып, есептеу әдісіне негізделген, шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перронда тексеру жүргізудің жылдық графигін қабылдайды. 

3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, егер осындай әуе кемесінің бортында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдалану шектеулері сақталмайды деп есептеуге негіз болса, шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесіне жоспардан тыс перрондық тексерулерді жүзеге асырады. 

Мұндай негіздер: 

1) алдыңғы тексерулер және бақылаудың өзге де нысандары нәтижесінде бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау; 

2) адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру не зиян келтіру қаупінің төнуі туралы жеке және (немесе) заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат алу және өтініштердің түсуі; 

3) өзінің әуе кемесі мен экипажына тексеру жүргізу туралы тексерілетін шетелдік пайдаланушының бастамашылық өтініші; 

4) егер тексерілетін шетелдік пайдаланушыға қатысты ішінара тексеру белгіленсе, оны қайта ұйымдастыру және атауын өзгерту; 

5) бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы тексерілетін шетелдік пайдаланушының өтінішіне байланысты қайта тексеру болып табылады. 

4. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне перрондық тексерулерді жүргізу кезінде авиация инспекторлары инспекцияланатын әуе кемелерінің ұшуын негізсіз кідіртуді болғызбау қағидатын басшылыққа алады. 

5. Шетелдік пайдаланушылардың азаматтық әуе кемелеріне инспекциялауды жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар мынадай түрде сыныпталады: 

1) үшінші санаттағы бұзушылық – ұшу қауіпсіздігіне едәуір әсері бар пайдаланушы сертфикатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерін бұзу; 

2) екінші санаттағы бұзушылық – ұшу қауіпсіздігіне елеулі әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерін бұзу; 

3) бірінші санаттағы бұзушылық – ұшу қауіпсіздігіне болмашы әсері бар пайдаланушы сертификатының белгіленген шарттары мен пайдаланудағы шектеулерді бұзу. 

Бұзушылықтарды осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген санаттарға жатқызу шарттары нұсқамалық материалда айқындалады. 

6. Үшінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның:  

1) пайдаланушыға анықталған сәйкессіздік туралы жазбаша хабарлауға және түзету іс-қимылдары қабылдануының дәлелдемелерін талап етуге;  

2) пайдаланушы мемлекетінің және қажет болған кезде, әуе кемесін тіркеген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті биліктеріне хабарлауға, сондай-ақ пайдаланушы қабылданған түзету іс-қимылдарын келісу туралы тиісті құзыретті биліктерден растау сұратуға;  

3) әуе кемесін пайдалануға шектеу қоюды белгілеуге не анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шұғыл түзету іс-қимылдарын қабылдауды талап етуге не Қазақстан Республикасының аумағында әуе кемесін пайдалануға дереу тыйым салуды енгізуге не осы баптың 7-тармағының шарттарына сәйкес әуе кемесін жерде кідіртуге құқығы бар. 

7. Егер экипаж Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдаланудағы шектеулердің анықталған бұзушылықтарын жою бойынша тиісті түзету іс-қимылдарын қабылдамастан, тексерілетін әуе кемесінде ұшуды орындау жөнінде іс-қимылдар жасады деп есептеуге негіз болған жағдайда, авиация инспекторы әуе кемесінің командирін және (немесе) пайдаланушысын қосымша нұсқау алғанға дейін әуе кемесінің мұндай ұшуға рұқсатының жоқ екендігі туралы хабардар етеді және әуе кемесін жерде кідіртеді. 

8. Әуе кемесі жерде кідірген жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым, егер тіркеу мемлекеті пайдаланушы мемлекетінен өзгеше болса, әуе кемесін пайдаланушының мемлекеті мен ол тіркелген мемлекеттің құзыретті органдарына дереу хабар береді және осы органдармен бірлесіп әуе кемесі ұшуға рұқсат ала алатын қажетті шарттарды көздейді. 

9. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарттарының (ИКАО) не пайдаланушы сертификатының шарттары мен пайдаланудағы шектеулердің бұзылуы анықталған жағдайда, әуе кемесінің ұшуына тыйым салу: 

1) әуе кемесінің ұшуға жарамдылығына қатысты бұзушылық жойылғандығын; 

2) пайдаланушыда осындай әуе кемесінің арнайы ұшуына арналған рұқсаттың немесе әуе кемесі тіркелген мемлекеттің немесе пайдаланушы мемлекеттің құзыретті органы берген осыған ұқсас құжаттың болуын, сондай-ақ қажет болған кезде транзиттік мемлекеттердің олардың әуе кеңістігінен ұшып өтуге арналған рұқсаттың болуын растайтын құжаттаманы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға пайдаланушы ұсынғанға дейін сақталады. 

10. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым екінші санаттағы бұзушылықты анықтаған кезде: 

1) қабылданған түзету іс-қимылдары туралы растайтын құжаттаманы ұсынуды талап ете отырып, пайдаланушыға шешімі туралы жазбаша хабар береді; 

2) әуе кемесін пайдаланушының мемлекеті мен ол тіркелген және ұшу экипажы куәліктерін берген мемлекеттің құзыретті органдарына хабар береді. Қажет болған жағдайда, пайдаланушы қабылдаған түзету іс-қимылдарымен осындай құзыретті органдардың келісуі туралы растауды сұратады. 

11. Бірінші санаттағы бұзушылық анықталған кезде авиация инспекторы оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін бұл туралы шетелдік пайдаланушының азаматтық әуе кемесінің командирін хабардар етеді. 

Ескерту. 2-тарау 16-5-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 10.05.2017 № 64-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16‑3 16‑4 16‑5 16‑6 16‑7 ...111
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться