< Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы

Ст. 74-1 Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы 2010 жылғы 15 шілдедегі № 339-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы
74-1-бап. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу

1. Шетелдік заңды тұлғаға, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымға, шетелдікке және (немесе) азаматтығы жоқ адамға дербес не басқа шетелдік заңды тұлғалармен, заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымдармен, шетелдіктермен және (немесе) азаматтығы жоқ адамдармен жиынтықта: 

1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акцияларын және (немесе) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылған, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акциялары базалық активі болып табылатын туынды бағалы қағаздарды көрсетілген авиакомпанияның орналастырылған (авиакомпанияның өзі сатып алған акциялар шегеріле отырып) акциялары жалпы санының қырық тоғыз және одан көп пайызынан асатын мөлшерде тікелей және (немесе) жанама иеленуге, пайдалануға және (немесе) билік етуге; 

2) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыруға тыйым салынады. 

2. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері мұндай авиакомпанияға өзі туралы, сондай-ақ оған қатысты тиімді бақылауды жүзеге асыратын тұлғалар туралы, тиімді бақылауды жүзеге асыратын соңғы меншік иелеріне дейін ақпаратты ашуға міндетті. 

Егер акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері әрқайсысы осындай акционерге қатысты тиімді бақылауды жүзеге асырмайтын, өзара үлестес емес бірнеше тұлға тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) билік ететін заңды тұлға немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйым болып табылса, мұндай акционер Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының азаматы акцияларды, қатысу үлестерін, пайларды не осындай акционерге үлестік қатысудың басқа да нысандарын тікелей және (немесе) жанама иеленетін, пайдаланатын және (немесе) билік ететін барлық жағдай туралы ақпаратты авиакомпанияға қосымша ашуға міндетті. 

Акционерлердің осы тармақта көрсетілген ақпаратты ашу тәртібі, мерзімдері және басқа да шарттары акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның жарғысында айқындалады. 

3. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания осы баптың 2-тармағына сәйкес осындай авиакомпанияның акционерлері олар туралы ақпаратты ашуға тиіс тұлғаларды тоқсан сайын есепке алуды жүргізуге міндетті. 

4. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес ақпаратты ішінара немесе толық бермеген акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері: 

1) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысы кворумын айқындау кезінде есепке алынбайды; 

2) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысында қаралатын мәселелерге дауыс беруге және (немесе) оларды талқылауға қатысуға құқылы емес. 

5. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысы шешім қабылдағаннан кейін анықталған, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акционері осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес ұсынған ақпарат анық болмаған кезде: 

1) егер мұндай шешім үшін дауыс беретін акциялардың көпшілігі (анық емес ақпарат ұсынған акционердің дауыс беретін акцияларын есепке алмағанда) дауыс берген жағдайда, акционерлердің жалпы жиналысының шешімі "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акционерлерінің жалпы жиналысы шешімді қабылдады деп есептелетін кворумның болуы жөніндегі талаптар сақталған кезде аталған акционердің дауысы есепке алынбай қабылданды деп есептеледі; 

2) егер анық емес ақпарат берген акционердің дауысы шешуші болған жағдайда, бұл мән-жай Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен, акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның не өзге де мүдделі тұлғалардың талап етуі бойынша акционерлердің жалпы жиналысының тиісті шешімін жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады.  

6. Осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулер бұзылған жағдайда, бұзған акционер: 

1) жасалған бұзушылық толық жойылғанға дейін акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпаниядағы өз акцияларымен дауыс беруге құқылы емес; 

2) жасалған бұзушылық толық жойылғанға дейін акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның акциялары бойынша дивидендтер алуға құқылы емес; 

3) акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпаниядағы өзіне тиесілі акциялардың санын осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерден төмен деңгейге дейін азайту жолымен акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның директорлар кеңесінен тиісті талапты алған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жасалған бұзушылықты жоюға міндетті. 

7. Акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның директорлар кеңесі бұзған акционерді айқындайды және оған осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді бұзушылықты жою туралы талапты акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларда және акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияның жарғысында айқындалған тәртіппен жібереді. 

8. Егер акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпания акциялары номиналды ұстауда болса, онда осы баптың ережелері акцияларды номиналды ұстаушының клиенті болып табылатын осындай акциялардың меншік иесіне қатысты қолданылады.  

Ескертпе: осы баптың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады: 

1) бұзған акционер – осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді бұзған акционер не осы баптың 1-тармағында белгіленген шектеулерді бұзған тұлғаның тиімді бақылауындағы акционер; 

2) тиімді бақылау – заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның шешімдерін айқындау мүмкіндігі, ол мынадай шарттардың бірі болған кезде: 

заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның орналастырылған (артықшылықты және заңды тұлға сатып алғандарды шегере отырып) акцияларының, қатысу үлестерінің, пайларының не үлестік қатысудың басқа да нысандарының елу пайыздан астамын тікелей және (немесе) жанама иеленгенде, пайдаланғанда және (немесе) билік еткенде;  

заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның басқару органы немесе атқарушы органы құрамының кемінде жартысын тікелей немесе жанама сайлау мүмкіндігі болғанда; 

бір тұлғаның дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп, заңды тұлғаның немесе заңды тұлға болып табылмайтын шетелдік ұйымның шешімдерін Қазақстан Республикасы заңнамалық актісінің, сот шешімінің негізінде, шартқа (растайтын құжаттарға) орай немесе акционерлік қоғам нысанында құрылған авиакомпанияға шетелдік қатысуды (бақылауды) шектеу жөніндегі қағидаларда көзделген жағдайларда өзгеше түрде тікелей немесе жанама айқындау мүмкіндігі болғанда туындайды. 

Ескерту. 74-1-баппен толықтырылды – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...73 74 74‑1 75 75‑1 ...111
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться