< Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы

Ст. 23 Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 29


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы
23-бап. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының функциялары

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы: 

1) жедел-стратегиялық жоспарлауды, Қарулы Күштердің жауынгерлік жəне күнделікті қызметін қолдану мен оған басшылықты жүзеге асырады, олардың жауынгерлік құрамын айқындайды; 

2) басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының қорғаныс жоспарын әзірлейді; 

2-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының директиваларын әзірлейді, әскерлерді жоспарлауды, дайындауды және жұмылдыра өрістетуді жүзеге асырады; 

3) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қарулы Күштердің жұмылдыру жоспарын әзірлейді; 

4) Қарулы Күштердi жауынгерлік және жұмылдыру даярлығында ұстап тұру жөніндегі iс-шараларды ұйымдастырып, жүргізеді;  

5) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн күзету мен қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;  

6) қорғанысты ұйымдастыру саласында Қарулы Күштердің басқа да əскерлермен жəне əскери құралымдармен өзара іс-қимыл жасауын ұйымдастырады жəне жүзеге асырады; 

6-1) Қарулы Күштерді қолдану қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағын жедел жабдықтау қағидаларын және Қазақстан Республикасының қорғанысын жоспарлау қағидаларын əзірлейді; 

7) алып тасталды - ҚР 13.06.2017 № 69-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) аумақтық қорғаныс жоспарларын əзірлеуді, аумақтық қорғаныс міндеттерін орындауға қатысатын күштер мен құралдардың іс-қимылдарын үйлестіреді; 

9) Қарулы Күштердi мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiмен, келiсім-шарт бойынша жасақтауды және азаматтық персоналды қабылдауды ұйымдастырып, жүргізедi;  

10) Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың шет мемлекеттердiң қарулы күштерiмен бiрге жедел қолданылуын және өзара iс-қимылының жоспарын әзірлеуге қатысады; 

10-1) алып тасталды – ҚР 29.05.2020 № 337-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

11) кадрларды орналастыруды және әскери атақтар берудi жүзеге асырады, Қорғаныс министрінің қарауына номенклатураға сәйкес лауазымдарға тағайындау және әскери атақтар беру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;  

12) Қарулы Күштердi қару-жарақ, әскери техника мен басқа да қажетті материалдық құралдар түрлерiмен қамтамасыз етудi, оларды пайдалануды, сақтауды, есепке алуды, есептен шығаруды және кәдеге жаратуды ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады, сондай-ақ бейбiт уақытта әскерлердi жұмылдыруды өрiстету үшiн осы құралдардың запастарын жинақтауды және орналастыруды жоспарлайды; 

12-1) Қарулы Күштерге əскери мақсаттағы автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізуді ұйымдастырады; 

13) Қарулы Күштерде әскери ғылымды дамыту бағыттары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi;  

14) жеке құрамның жоғары жауынгерлiк жəне моральдық-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында əскерлерді моральдық-психологиялық жəне идеологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 

15) әскерлер қызметіне байланысты экологиялық қауіпсiздікті және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегі iс-шараларды жүргізедi; 

15-1) Қарулы Күштерде шифрланған, кодталған, құпияландырылған байланысты, мемлекеттік құпияларды қорғауды, ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады; 

16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қарулы Күштердi қолдану және оны басқару, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен өзара iс-қимылды жоспарлау саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асырады.  

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы соғыс уақытында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшылығы Ставкасының жұмыс органы болып табылады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.10 № 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 № 429-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.05.2020 № 337-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 344-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...21 22 23 23‑1 23‑2 ...34
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться