< Қоғамдық бiрлестiктер туралы

Ст. 23 Қоғамдық бiрлестiктер туралы 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Қоғамдық бiрлестiктер туралы
23-бап. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметiн тоқтата тұру

Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бұзылған немесе қоғамдық бiрлестiк өз жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттер шегiнен шығатын әрекеттердi бiрнеше рет жасаған жағдайларда прокуратура, iшкi iстер органдарының ұсынулары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының өтініштері немесе азаматтардың арыздары негiзiндегi сот шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн.

Қоғамдық бірлестіктің қызметі тоқтатыла тұрған жағдайда оған барлық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға, үгіт пен насихат жүргізуге, бейбіт жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Қоғамдық бірлестіктің банктік салымдарды пайдалану құқығы да тоқтатыла тұрады, бұған еңбек шарттары, қызметінің нәтижесінде келтірілген залалдардың орнын толтыру және айыппұлдар төлеу бойынша есеп айырысулар кірмейді.

Егер қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн тоқтата тұруға негiз болған тәртiп бұзушылықты қызметi тоқтатыла тұратын болып белгiленген мерзiм iшiнде жойса, аталған мерзiм аяқталған соң қоғамдық бiрлестiк өз қызметiн қайта бастайды. Қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын жоймаған жағдайда, не оларды қайталап бұзған жағдайда прокуратура, ішкi iстер органдары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, азаматтар сотқа оны тарату туралы арызбен жүгiнуге құқылы.

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.02.23 N 33; 04.05.2020 № 321-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...21 22 23 24
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться