< Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы

Ст. 39 Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286-VІ ҚРЗ


Утратил силу

Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы
39-бап. Өтпелі ережелер

1. Еңбекке қабілеттіліктен айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көбейтілуін қоса алғанда, жыл сайын көбейтілуі ескеріле отырып, әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады. 

2. Асыраушысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап көбейтілуін қоса алғанда, жыл сайын көбейтілуі ескеріле отырып, әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен асырауындағылар саны коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен асырауындағылар саны коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады. 

3. Жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін айқындалған мөлшері әлеуметтік төлем мөлшерін тағайындау кезінде есепке алынған қатысу өтілі мен кірісті ауыстыру коэффициенттеріне бөлу және осы Заңға сәйкес көзделген қатысу өтілі мен кірісті ауыстыру коэффициенттеріне көбейту жолымен қайта есептелуге жатады.  

Бұл ретте жұмысынан айырылу жағдайына арналған әлеуметтік төлемнің ұзақтығы осы Заңның 22-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленеді. 

4. Мыналардың: 

1) осы Заңның 1-бабы 7) тармақшасының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"7) әлеуметтiк аударымдарды төлеушi (бұдан әрi – төлеушi) – осы Заңда белгiленген тәртiппен әлеуметтiк аударымдарды есептеудi және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi, дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы, жеке практикамен айналысатын адам, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға;"; 

2) осы Заңның 13-бабының 2-тармағы бірінші абзацының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлеуші:"; 

3) осы Заңның 15-бабының 5-тармағы екінші бөлігінің қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы бөлік мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен жалақы мөлшерінен кем болған жағдайда, онда осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, әлеуметтік аударымдар ең төмен жалақы мөлшері негізге алына отырып есептеледі, аударылады."; 

4) осы Заңның 17-бабы 1-тармағының қолданысы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: 

"1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалардың төлемдерін қоспағанда, әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық көлемде төленбеген сомаларын мемлекеттік кіріс органдары мерзімі өткен әрбір күн үшiн (қорға төлеу күнін қоса алғанда) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі мөлшерiнде есепке жазылған өсiмпұлмен бірге өндiрiп алады немесе төлеуші оларды қордың шотына аударуға тиіс.". 

Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...37 38 39 40
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться