< Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы

Ст. 10 Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы
10-бап. Селекциялық жетiстiктiң патентке қабiлеттілігiне сараптама және сынақ

Ескерту. 10-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Кез келген мүдделi адам өтiнiм туралы мәлiметтер жарияланған күннен күннен бастап алты ай ішінде мемлекеттік комиссияға мәлiмделген селекциялық жетiстiкке қатысты талабын жiбере алады.  

Негiзделген талаптың түскенi туралы мемлекеттiк комиссия өтiнiш берушiге талаптың мәнiн баяндай отырып хабарлайды.  

Талаппен келiспеген жағдайда өтiнiш берушiнiң хабарламаны алған күннен бастап үш ай мерзiмде мемлекеттiк комиссияға дәлелдi қарсылық жiберуге құқығы бар.  

Сараптама ұйымы мемлекеттiк комиссияның қорытындысы негiзiнде шешiм қабылдайды және ол туралы мүдделi адамға хабарлайды.  

Егер сорт, тұқым жаңалық өлшемiне сәйкес келмесе, патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылданады. 

2. Сорттың, тұқымның ерекшелiгiн, бiртектiлiгiн және тұрақтылығын сынақтан өткiзудi қабылданған әдiстемелер бойынша мемлекеттiк комиссиялар белгiленген мерзiмде жүргiзедi. 

Мемлекеттiк комиссиялар сараптама жасау ұйымы өтiнiм материалдарын жiберген күннен бастап бiр ай iшiнде патент қабiлеттiлiгiне сынақтар өткiзудiң нақты мерзiмдерi туралы сараптама жасау ұйымын хабардар етеді. 

Өтінім беруші сынақтан өткізуге тұқымдардың немесе асыл тұқымдық материалдың қажетті мөлшерін ұсынуға мiндеттi. 

3. Мемлекеттiк комиссиялар Қазақстан Республикасының, сондай-ақ тиiстi шарттар жасасылған басқа мемлекеттердiң басқа да ұйымдары жүргiзген сынақтардың нәтижелерiн және өтiнiш берушi табыс еткен деректердi пайдалануға құқылы. 

4. Сұрып, тұқым патентке қабiлеттілік шарттарына сәйкес келген кезде, мемлекеттiк комиссия сұрыпты, тұқымды сипаттай отырып, қорытынды жасайды. 

Мемлекеттік комиссия қорытындысының негізінде сараптама ұйымы бес жұмыс күні ішінде селекциялық жетістікке патент беру туралы шешім шығарады, бұл жөнінде өтініш берушіге бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жіберіледі. 

Патент беру туралы шешiмнің қабылданғаны туралы хабарлама өтiнiм берушіге ұсынылатын күннен бастап үш ай iшiнде өтiнiм беруші сараптама ұйымына патент беруге дайындағаны және жариялағаны үшiн тиiстi төлемді растайтын құжатты ұсынады. Көрсетiлген құжат ұсынылмаған кезде, өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру төлемі туралы құжат ұсынылған жағдайда, төлем мерзімі үш ай ішінде қалпына келтірілуі мүмкін. Керісінше жағдайда өтiнiм кері қайтарып алынды деп есептеледi, өтiнiм бойынша iс жүргiзу тоқтатылады, бұл жөнінде өтiнiм беруші қалпына келтіру мерзімі өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. 

5. Егер сараптама жүргiзу және сынақтан өткізу барысында сұрыптың, тұқымның патентке қабiлеттілік талаптарына сай келмейтiндiгi анықталған жағдайда, сараптама ұйымы мемлекеттiк комиссия қорытындысының негiзiнде бес жұмыс күні ішінде патент беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, бұл жөнінде өтiнiш берушiге бес жұмыс күні ішінде жазбаша хабарлама жiберіледi. 

Өтiнiш берушi патент беруден бас тарту туралы шешiмге оны алған күннен бастап үш ай мерзімде уәкiлеттi органға қарсылық бере алады. Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап үш ай мерзiмде қарауға тиiс. 

6. Өтiнiш берушi сараптама қарсы қойған барлық материалдармен таныса алады. Өтініш берушi сұраған материалдардың көшiрмелерiн сараптама ұйымы оған сауал салудан алған күннен бастап бiр ай мерзiмде жiбередi.  

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 586, 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 № 300-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Автор және патент иесі

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...29
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться